Құрметті мемлекеттік қызметшілер және сала ардагерлері!
Сіздерді «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет пен қоғамға қызмет ету – әрбір азамат үшін абыройлы іс. Еліміздің гүлденуі мен экономикамыздың дамуы жолында мемлекеттік қызметшінің қосар үлесі ерекше. Дамыған мемлекет тек қана тиімді және кәсіби мемлекеттік қызмет негізінде құрылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесі ұзақ қалыптасу жолынан өтті. Бүгінде мемлекеттік қызметшілерге заманауи, сапалы қызмет көрсету міндеті қойылып отыр. Өйткені, халықтың билікке деген сенімі қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында қазіргі заманға сай мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін қалыптастыру керектігін атап көрсетті. Нәтижесінде, мемлекеттік қызметте жаңа кадрлардың, яғни кәсіби білікті, озық ойлы және бастамашыл қызметкерлердің елге қызмет етуде құлшынысы артып, жауапкершілігі нығая түседі.
Талғар ауданында жалпы 191 мемлекеттік қызметші халыққа қызмет етеді. Ауданда мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру, мемлекеттік қызметшінің беделін көтеру бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Ел үшін қызмет ету, оның ішінде ауданның дамуына үлес қосу – мерейлі міндет, зор абырой.
Айдынды өлкеміздің өркендеуіне ерен еңбек сіңіріп жүрген ауданымыздағы барлық мемлекеттік қызметшілерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларына бақ-береке тілеймін!
Еліміздің жарқын болашағы жолында атқарып жатқан
жұмыстарыңыз жемісті болсын!
Мереке құтты болсын!
Т.Айдарбеков
Талғар ауданының әкімі