Қайтарымсыз грант бөлінді

«Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында елімізде 2024 жылға 37 қайтарымсыз 400 АЕК гранты бөлінді.

Мемлекеттік грант — бұл жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде берілетін 400 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі бастапқы капитал.
Бұл жоба Алматы облысы, еңбек мобильді орталығының филиалы Талғар ауданының Мансап орталығы арқылы жүзеге асуда.
Грант қаражаты ісін жаңа бастаған жекелеген әлеуметтік санаттарға жататын азаматтарға өз бизнес әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Гранттар келесі бағыттарда қолдану үшін беріледі: қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малдарды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, үй-жайларды жалға алу ақысын төлеу.
Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.
Мемлекеттік гранттарға халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жұмыссыз және жеке кәсіперлер (3 жылға дейінгі) азаматтар қатыса алады.
Әлеуметтік осал топқа жататындар:
1.Көп балалы тұлғалар-көп балалы жәрдемақы алушылар (жұбайы, зайыбы)
Қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері;
2.Мүгедек баланы тәрбиелеуші жәрдемақы алатын адамдар (жұбайы, зайыбы);
3.Атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтылған адамдар және олардың отбасы мүшелері;
4.Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
5.Кандас қолданыстағы мәртебесі бар адамдар;
Мүгедек адамдар.
Талғар ауданында ағымдағы жылдың 20-31 мамыр аралығында Business.enbek.kz порталы арқылы гранттың бірінші кезеңі бойынша 184 азаматтың өтініші келіп түсті. 1 кезеңге 18 грант бөлінген.
6 -7 маусым күндері қаладағы Мансап орталығында 184 адамның өтінішін қараған комиссия отырысы өтті. Комиссия мүшелері алдында әр азамат өз бизнес жобасын қорғады. Іріктеу қортындысы бойынша 18 жоба үздік деп танылып, оң шешімге ие болды. Олардың арасында Талғар ауданы, Қайнар ауылдық округі, Коктал ауылының тұрғыны «Қолөнер бұйымдары өндірісі» жобасымен қатысып, өзінің қолдан жасаған бұйымдарымен комиссия мүшелерін тәнті етті. Талғар ауданы, Амангелді ауылының тұрғыны «Жылыжайда құлпынай мен қияр өсіру» жобасын қорғады. Сондай-ақ Талғар ауданы, Алмалық ауылының тұрғыны «Балалардың ұсақ моторикасын, ойлау қабілетін, зейінін дамытуға арналған шығармашылық тауарлар» жобасын белсенді қорғап шықты.
Осы 1 кезеңнен грантты ұтпай қалған азаматтардың келесі 2 кезеңге қатысуға мүмкіншіліктері барын ескерте кетеміз.
Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жағдайын жақсарту үшін өз жеке ісін ашып, табыс көзін табатын жобаның бірі грант екенін айта кету керек. Жобаның екінші кезеңі 15 шілдеде өтеді.

Сәуле Құрмантаева