Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне сәйкес қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Осы тұрғыда Талғар ауданында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Кеңес беру және түсіндірме жұмысы.2024 жылдың алты айында Талғар ауданы әкімі аппаратының және ауылдық округ әкімі аппараттарының, дербес бөлімдердің мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заннамаларын және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша ақпараттық және әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша 36 түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып, 26 мемлекеттік қызметшіге түсінік берілсе, 10 жеке және заңды тұлғаға түсінік берілді.
Мемлекеттік қызметшілермен кездесу барысында мемелекеттік қызметшілердің еңбекақы төлемі қаңдай негізбен есептелетіні және жұмыс уақытынан артық қызмет жасаған жағдайда үстемақы төлеу мәселелері жөнінде, сонымен қатар әдеп кодексінің талаптары, мемлекеттік қызмет заңы жөнінде кеңестер берілді.
Жеке және заңды тұлғалармен кездесу кезінде көпшілік сауал мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндігі және мемлекеттік қызметтің қоғам алдындағы жауапкершілігі жөнінде түсініктер берілді. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметтік әдеп нормаларын сақтау және ұжымда моральды-психологиялық климаттың жағдайына талдау жүргізу мақсатында жарты жыл сайын жүргізілген анонимді сауалнамаға 66 мемлекеттік қызметші қатысты.
«Мемлекеттік қызметшілердің телефон әдебінің» талаптарын сақтау бойынша арнайы хатпен барлық мемлекеттік қызметшілер таныстырылып, жасырын қонырау шалу арқылы талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ұсақ кемшіліктер аңықталып, ауызша ескертулер берілді. Мемлекеттік қызметшілерімен заңмен белгіленген шектеулер мен тыйым салуды сақтауды қамтамасыз етуге, оның ішінде мүдделер қақтығысын болдырмау және алдын алуға бағыттылған талдау жүргізіліп, кемшіліктер аңықталған жоқ.
Құқық бұзушылыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдау және алдын алу.
Басты міндет – мемлекеттік қызметшілерге, мелекеттік органдар қабылдаған шешімдер мен жүргізіп отырған саясатына деген сенімді арттыру. Айта кету керек, Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі міндеті жазалау емес. Уәкілдің қызметі ең алдымен мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарының және қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алуына бағытталған. Қаңдай жағдай болсын, мемлекеттік қызметкерлер халықпен сыпайы, салмақты түрде сөйлесу тиіс. Әдеп жөніндегі уәкіл, жалпы мемлекеттік қызметкерлер – мемлекеттің сенімді өкілдері. Соңдықтан да мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодесінің талаптарын сақтау мәселелері, құқық бұзушылыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар бойынша консультациялық көмектер көрсетіліп, алдағы уақытта өрескел қателіктерді болдырмау, алдын алу мақсатында түсінік жұмыстары жүргізілді. Оларға арнайы дәрістер өткізіліп, анонимді сауалнамалар қойылды. «ЭЖУ жүргізетін анонимді сауалнама» атты шараға 66 мемлекеттік қызметші қатысты. Оның қортындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейі қаңағаттанарлық деңгейде, ұжымда моральдық-психологиялық ахуал қалыпты жағдайда екендігін аңғаруға болады.
Мемлекеттік қызметкерлері арасында ашық диалог жүргізу мақсатында Тұздыбастау, Бесағаш, «Талғар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ, «Талғар аудандық аумақтық инспекциясы» ММ ауылдық округтерінде және ауданда «галстуксыз кездесу» өткізілді. Барлық кездесулер Талғар ауданы әкімнің кеңесшісі, Әдеп жөніндегі уәкілдің Инстаграмм парақшасында жарияланды.
Президент Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің жаңа редакцияда қабылданғанын білеміз. Осыған сәйкес мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің негізгі тұтынушысы саналатын халықтың талабына барынша икемді, жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын болуы және өз жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс. Талғар ауданындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарын орындауына бақылауды күшейте түсу мақсатында әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген міңдеттердің талап деңгейінде орындалуы бойынша жүргізілуге тиісті жұмыстар 2024 жылға арналған жоспар негізінде жыл бойына жүзеге асатын болады.
З.Е.Суранчинова
Талғар ауданы әкімінің кеңесшісі,
Әдеп жөніндегі уәкіл