Қонаев әкімдігі ауа райына қатысты мәлімдеме жасады

Қонаев әкімдігі ауа райына қатысты мәлімдеме жасады

Бүгін Қонаевта 15 м/сек жел соғып, қар жауып тұр. Қазіргі таңда жолдарды қардан тазарту үшін 10-нан астам техника жұмылдырылды. Алайда, боранның күшеюінен жауған қар мұз болып, көктайғаққа айналуда.

Осыған байланысты Қонаев қаласының әкімдігі тұрғындардан жолда жүргенде абай болуды сұрайды. Көлік апаты орын алмауы үшін автокөлік жүргізушілері жол ережелерін қатаң сақтауға тиіс.