ОСЫ АПТА ІШІНДЕ ӨТКЕН АУДАН ӘКІМІ РАЙХАН САДЫҚОВАНЫҢ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕГІ ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНДАРЫ

ОСЫ АПТА ІШІНДЕ ӨТКЕН АУДАН ӘКІМІ РАЙХАН САДЫҚОВАНЫҢ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕГІ ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНДАРЫ

ИГІ ІСТЕР ЖАЛҒАСА БЕРМЕК

Алдын ала белгіленген кестеге сай жуырда өткен аудан әкімі Райхан Садықованың есеп беру жиыны Гүлдала ауылында болып өтті. №21 жалпы білім беретін орта мектебінде өткен маңызды басқосуға Алматы облысы сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының орынбасары Қоблан Манапов, аудандық мәслихат хатшысы Ж. Еңкебайұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім, басқарма басшылары, сонымен қатар ауыл тұрғындары қатысты.

Есеп беру жиынының талабы бойынша алғашқы болып Гүлдала ауылдық округінің əкімі Мақсат Жұмашев баяндама жасады. Өз сөзінде ол округтің тыныс-тіршілігіне, экономикалық-əлеуметтік даму деңгейіне кеңінен тоқталып, былтырғы жылы атқарылған ауқымды істерді тізбектеп берді. Республикалық бюджеттен бөлінген 9 млн. 274 мың теңге қаражат тиімді жұмсалғанын алға тартқан ауыл əкімі тұрғындарға жағымды жаңалығын да жеткізді. 2017 жылдың 17 тамыз күнгі Талғар ауданы мəслихатының шешіміне сəйкес 2,3 га жер телімі алынып, қазіргі таңда жаңа мектептің жобалау сметалық құжаттарын дайындау жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

Осыдан соң жиналған көпшілік аудан əкімі Райхан Садықованың есебін тыңдады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша өнеркəсіп, ауылшаруашылық, кəсіпкерлік, білім, денсаулық салалары мен инфрақұрылым, инвистиция мəселелеріне қатысты атқарылған жұмыстар мен қол жеткен жетістіктерді жүйелей жеткізген аудан басшысы əр сөзін нақты мысалдармен бекіте баяндады. Аудан əкімінің тұщымды баяндамасынан соң, ауыл тұрғындарына кезек берілді. Ардагер ұстаз Құрманов жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамытуға қатысты ойын ортаға салды. Азат Құрбанов деген азамат жаяу жүргінші жүретін жолдарды ретке келтіру мəселесін көтерсе, ауыл ақсақалдары кеңесінің төрағасы Нəдірбек Бекжігіт қос баяндамада көрініс тапқан ауқымды істерге көңілі толатынын айтып, ауыл, аудан əкімдерінің жұмысына оң баға берді. Көпшілік те осы пікірді қолдады.

Дəл осы күні түс ауа аудан əкімі Райхан Садықова бастаған топ ат басын Панфилов ауылындағы №17 орта мектебіне тіреді. Есеп беру жиынына жиналған ауыл тұрғындары алдында алғашқы болып сөз алған Панфилов ауылдық округінің əкімі Нұрғали Аппазов округтің əлеуметтік-экономикалық деңгейіне шолу жасап, жыл бойы атқарылған жұмыстар жайын жан-жақты қамтып өтті. Əкім баяндауында өткен жылғы есеп беру жиынында көтерілген бірқатар мəселелер де шешімін тапқаны айтылды. Осыдан кейін сөз тізгінін алған аудан əкімі Райхан Нұрмырзақызы былтырғы жылдың қорытындысы негізінде аудан көлемінде əр сала бойынша атқарылған игі істер жайын рет-ретімен баяндай келе, алға қойған келелі міндеттерге де тоқталды.

Күн тəртібіне қойылған екі баяндама тыңдалып болған соң, ауыл тұрғындары да өздерінің өтініш, пікірлерін білдірді. Панфилов ауылының тұр ғындары күндізтүні бір толастамайтын көлік қозғалысы басым Құлжа күре жолының аталмыш елді мекенге қарасты бөлігінде жаяу жүргінші өтетін үш орын белгіленгенін, десек те, бұл аймақта жол белгілері, жол бойы жарығы еш сын көтермейтінін, соның салдарынан адам өміріне қауіп қатер туындап отырғанын алға тартып, аспалы көпір салу керектігін айтты. Қойылған сауалға аудан басшысы бірден жауап қатып, жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірлер салу мəселесі көп ұзамай оңтайлы шешілетінін, күре жол боцвна бес аспалы көпір салынатының жеткізді. Бұл жұмыс бұған дейін де жүргізіліп келген екен, əйтсе де тұрғындардың сын-ескертпесін назар ға алып, қызмет сапасын жақсарту керектігі баса айтылды. Көше бойы жарықтандыру мəселесі де назардан тыс қалмады. Қызыл Ту ауылының тұрғыны Жаңылсын Қосабаева өзі тұратын ауылдағы тозығы жеткен Жанқазақов көшесін асфальттап беруді өтінді. Ауыл белсендісі Галина Арзамысова жасыл желекті жас ағаштардың кесіліп жатқанын түсіндіріп беруді сұрады. Бұл мəселеде жауапты мамандардың селқостығын сын тезіне алған ол жергілікті қоғамдық кеңестің пікірін ескеріп, бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Көтерілген мəселелерге қатысты аудан əкімі Райхан Садықова нақты жауап беріп, жауапты мамандарға тапсырма жүктеді. Аптаның алғашқы күні арнайы комиссиямен аталмыш келеңсіздіктер орын алған жерлерді аралап, расталған жағдайда нақты шара көретініне уəде етті. Қызыл Ту ауылының тұрғыны Н. Амангелдіқызы ауыл жəне аудан əкімінің есебіне оң баға берді, сонымен қоса аталмыш ауылда биылғы жылы жаңа мектеп бой түзейтінін айтқан аудан басшысына ел-жұрттың алғысын жеткізді.

 

Райхан АЗИМОВА

«Талғар-ақпарат»