Бүгін «AMANAT» партиясы Талғар аудандық филиалының мәжіліс залында депутаттық фракция отырысы өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы Талғар аудандық филиалының мәжіліс залында депутаттық фракция отырысы өтті

Күн тәртібінде;
1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау.

Жиын барысында аудандық партия филиалының төрағасы Думчибаев С. баяндама жасады. Баяндама барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бөлімдеріне тоқталып өтті.Атап айтқанда білім, еңбек, әлеуметтік салалар бойынша ҚР азаматтарына жасалатын жағдайлар мен жеңілдіктер бойынша айқындап айтты. Келесі сөз кезегін аудандық фракция мүшесі Б.Әукенов алып, «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауының ішінде қоғам өміріне ерекше орынға ие болған «Қарызсыз қоғам» жобасының тиімділігін және Талғар ауданы бойынша 600 адам оқуды тәмәмдап, сертификат алғанын, жыл соңына дейін тағы 1000 адамды оқытуға мүмкіндік бар екенін тілге тиек етті.


Жиын соңында фракция мүшелері өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын айтты.
Президент Жолдауын жалпы еліміздің өркендеуі жолындағы ауқымды сын-тегеуріндерді еңсерудің мүмкіндігі және жолы деп білеміз!ҚАЗАҚСТАН ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНА ТҮСТІ.