Танат Айдарбеков көтерілген мәселелердің оң шешілуін бақылауда ұстауға уәде берді.
Бүгін аудан әкімі Танат Айдарбеков «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.
Мәселен, Талдыбұлақ ауылының тұрғыны А. Пралиев ауыл ақсақалдарының төрағасы, партия ардагері жер телімі құжатын рәсімдеуге ықпал етуін сұрады. Сол арада жер қатыныстар бөлімінің басшысына тапсырма беріліп, оң шешімін табатынын айтты.
Еңбекшіқазақ ауданына қарасты «Рахат» селолық округі мен «Кеңдала» округіне қарайтын «Луч» саяжайының тұрғындарының әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан ауыз су мәселесіне шағымданды. Аудан әкімі мен аудандық «Талғар Су» мекемесінің басшысы талқыға салып оң шешілуін бақылауда ұстауға уәде берді.
Қабылдауға жазылған аудан тұрғындары өтініштерін мұқият тыңдап, заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Және жақын арада көмек қолын созатындығы жайлы айтылды.
Еске сала кетейік, «AMANAT» партиясы Талғар аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жыл басынан бері 793 — ке жуық адам жүгінген.