Талғар ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы

“Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 2-тармағы  16) тармақшасына және  «Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына сәйкес Талғар ауданының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Талғар ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Каспакбаев Оразхан Омирхановичке жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі  Т. Айдарбеков