Бүгін, 2023 жылғы 27 сәуірде Талғар аудандық жедел штабы, Талғар ауданы Талғар қаласында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өткізуде.Талғар қаласындағы Рысқұлов 185 мекенжайында орналасқан РЭС ғимаратында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтуде.
Осыған орай, Талғар қаласының тұрғындарына сабыр сақтап, түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және оқу-жаттығуға қатысқан құқық қорғау органдарының заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
Оқу-жаттығу кезінде шектеулер, мүмкін көліктердің қозғалысын ішінара шектеу қарастырылады.
Сондай-ақ, Талғар қаласының тұрғындарының назарына бапқа сәйкес. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 443-бабына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
Талғар аудандық жедел штабы.