ТАЛҒАР АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!

ТАЛҒАР АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!

Құрметті Талғар ауданы және қала тұрғындары!!!

2018 жылдың қаңтар айының 25-31 аралығында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты, су беру бастауларын мұз шалып, су құбырларының желілерінде су жүру мүмкіндігі төмендеуінің салдарынан, аудан және қала тұтынушыларын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету қиындыққа соқтырып отырғанын ескертеміз. Қазіргі таңда Талғар ауданының «Су құбыры» ШЖҚ МКК қызметкерлері, аталмыш қиындықтарды жою жұмыстарын тәулік бойы атқаруда. Осыған байланысты, тұтынушылардан мүмкіндігінше сабырлық танытып, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Құрметпен Талғар ауданының әкімдігі

Талғар-ақпарат