Аудандық «Батагөй» онлайн байқауын өткізу

       ЕРЕЖЕСІ

   Жалпы ережелер

«Талғар ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Ұлыстың Ұлы күні                 22 наурыз» мерекесіне орай ұлттық салт-дәстүр мен батаның тәрбиелік мәнін насихаттау мақсатында аудандық «Батагөй» онлайн байқауын жариялайды.

  1. Байқаудың мақсаты:

— бата беру дәстүрін дәріптеу;

— кейінгі ұрпақты үлкенді құрметтей білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу;

— асыл жырдың ғибраттарын ұрпақтың бойына сіңіру.

Байқауды ұйымдастыру тәртібі

  • Бөлім байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады;
  • байқауға 35 жастан асқан азаматтар (35 жасты қоса алғанда) қатыса алады;
  • байқауға қатысушының санына шектеу қойылмайды;
  • байқау туралы толық ақпарат Бөлімнің Facebook парақшасында жарияланады.

Байқаудың өткізілу тәртібі

— Байқауға қатысушы «Наурыз – жыл басы» тақырыбында өзі жазған батасын нақышына келтіре жатқа айтуы қажет. Бата мазмұны ел тірлігі, азаматтық парыз, елдік тұтастық, берекелі бейбіт өмір, ынтымақ, бірлікті паш етуі шарт.

         Байқау онлайн түрде ұйымдастырылғандықтан әр қатысушы шартқа сай тапсырмаларды бейнероликке түсіріп, 2023 жылдың 14-22 наурыз айы аралығында Мәдениет Бөлімі (фейсбук) аккаунтын белгілеп, әлеуметтік желісіне #наурыз2023 хештегімен жүктеп салуы қажет. Сондай-ақ, міндетті түрде түсірілген бейнероликті kultura_talgar@mail.ru эл.поштасына жіберуі керек.

         Қазылар алқасы:

  • байқауға қатысушылардың ұлттық киім үлгісіне;
  • сахна мәдениетіне;
  • батаның мазмұнына, сөз шеберлігіне, дауыс мақамына ерекше назар аударады.

   Қорытынды

Байқау жүлдегерлері арнайы Диплом, Алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталады.

        Біздің мекенжайымыз: Талғар қаласы, Қонаев даңғылы № 65. Аудан әкімдігінің ғимараты. Байланыс телефоны: 87781264831.