ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

Азаматтарды жан-жақты ақпараттандырып, құқықтық сауаттылығын арттыруды көздейтін «Нұр Отан» партиясының Талғар аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген əр азаматтың арызы қараусыз қалмайды. Жуырда өткен қоғамдық қабылдауға келген жер қатынастары бөлімінің бас маманы Мадияр Қадыржан, аудандық ІІБ миграциялық қызмет бөлімінің басшысы Дəурен Джирембаев, қызмет көрсету басшысының орынбасары, полковник Қазыбек Қанапьянов жəне жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары келіп, азаматтардың өтініштеріне құлақ асып, шешілуіне септігін тигізіп қайтты. Азаматтарды алаңдатқан сұрақтарға тиісті сала басшылары заңдық тұрғыдан жауап берді. Қабылдауға келген тұрғындар білім, денсаулық, жұмыспен қамту, баспана, зейнетақы, жер мəселесі секілді шешімін таппай келе жатқан əлеуметтік мəселелерге көмек көрсетуін сұрады.

М.Бөлек