«Барлық деңгейдегі əкімдер жыл сайын халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаевтың 2013 жылғы 15 тамыздағы Жарлығына сəйкес, жуырда Талғар ауданының Бесағаш ауылында Талғар ауданы əкімі Райхан Садықова мен Бесағаш ауылдық округінің əкімі М.Арынбаев Бесағаш ауылдық округі тұрғындары алдында 2017 жылғы атқарылған жұмыстары жəне алда тұрған міндеттері туралы есеп берді. Аталған шара №45 мектептің жиын залында өтті.
Есепті жиналысқа аудандық мəслихат хатшысы Ж.Еңкебайұлы, «Нұр Отан» партиясы Талғар аудандық филиалы төрағасының орынбасары М.Ермағанбетова, облыстық, аудандық мəслихат депутаттары, аудан əкімінің орынбасарлары, бірқатар аудандық мекеме басшылары, ардагерлер, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, ауыл тұрғындары жəне бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кездесуде Бесағаш ауылдық округінің əкімі М.Арынбаевтың есебі тыңдалды. Оның баяндауынша 20 мыңға жуық халқы бар ауылдық округте мал шаруашылығы жақсы жолға қойылып, ет-сүт, жүн, жұмыртқа өндіруге ден қойған. «Нұрбеков», «Құрмантай», «Дүйсембаев Алпысбай» сынды шаруа қожалықтары өңір экономикасын дамытуға үлес қосып отыр. Шағын жəне орта бизнеске елеулі қолдаулар көрсетіліп, кəсіпкерлер аяғынан нық тұруда. Соның нəтижесінде əлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар мен жетім, қамқоршысы жоқ қарттарға ауыл кəсіпкерлері де қол ұшын беруді дəстүрге айналдырған. Тұздыбастау ауылдық округі бойынша «Нұр Отан» Бастауыш партия ұйымының 249 мүшесі бар. Бесағаш ауылдық округінен сайланған аудандық маслихат депутаты Мухит Дюсебаев, ақсақалдар Кеңесі төрағасы Батырбек Майшыбаев, мешіттің имамы Нурбол Теленов, түрік мəдени орталығының төрағасы Асанпаша Агададиев, ұйғыр ұлттық мəдени орталығының төрағасы Турғанжан Вахьяров сияқты азаматтарымыздан құрылған жергілікті қауымдастықпен түрлі комиссиялар мен кеңестер жұмыс істейді.
Аталған ауыл азаматтары өздерінің атқарып жатқан шаралары барысында Елбасымыздың саясатын халыққа жеткізу, оның орындалуын бақылау жұмыстарын басшылыққа алған. Аудан əкімі Р.Н.Садықова ауылдық округ тұрғындары алдында жасаған баяндамасында 2017 жылғы ауданның əлеуметтік-экономикалық
дамуының қорытындысы, жасалған барлық жұмыстармен қоса 2018 жылға арналған Елбасы Жолдауынан туындайтын алда тұрған міндеттерге жан-жақты тоқталып, кең көлемде айтып өтті. Райхан Нұрмырзақызы
өз сөзінде 2018 жылдан бастап ауылдың дербес бюджеті болады. Яғни, ауылдардың əкімдері салық жəне салықтық емес түсімдерді жинап, елді мекеннің түрлі проблемаларын тұрғындармен кеңесіп шешетіндігін айтып өтті.
Жарыссөзге шыққан ауыл тұрғындары соңғы жылдары бірқатар əлеуметтік мəселелер өз шешімін тапқанын айтты. Яғни, көше жарығы, ауызсу, көгілдір оттың қосылуы, бірқатар жолдардың, кəріз жүйесінің ретке келтірілуі сияқты мəселелердің жүзеге асқанын айта келе, бірқатар келелі мəселелерге де тоқталды.
Бесағаш ауылдық округі ақсақалдар алқасының төрағасы, ауданның Құрметті азаматы Тастан Бекболатов ел игілігіне қайтарылған ауыл орталығындағы еңселі Мəдениет үйінінің мəселесін көтерді. Бұл сұраққа аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ф.Бегенбаева жауап беріп, жобалық сметалық құжат
жасалып жатқандығын айтты. Бесағаш ауылдық округі тұрғындары көптен күткен мəдениет үйі ел мүддесіне қызмет жасайтын күнде алыс еместігін жеткізді. Ауыл тұрғыны Сағат Хамитұлы 2002 жылдан Бесағаш ауылында тұрып жатқандығын айтып, кез келген уақытта көмектерін көрсетіп, ем-домын жасайтын ауылдық дəрігерлік амбулатория қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Ауыл тұрғындарының саны күн санап артып келеді, ауылдық дəрігерлік амбулаторияның жағдайын жақсарту
мəселесі ескерілсе деген өтінішін білдірді. Жарыссөзге шығып сөз сөйлеген ауыл тұрғындары, аудан əкімінің есебіне қанағаттанарлық деген баға берді.
Сол күні түстен кейін Тұздыбастау ауылындағы №13 мектепте Талғар ауданы əкімі Р.Садықова мен Тұздыбастау ауылдық округі əкімі А.Тұрлашов ауылдық округ бойынша экономикалық-əлеуметтік даму бағдарламасының орындалуының қорытындылары туралы 2017 жылға есеп беріп, 2018 жылы алға қойылған жоспармен таныстырды. Аудан əкімі Р.Садықова ел алдындағы сөзінде өңірдің əлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады. Есеп соңында əкімге сауалдар қойылып, тілектер айтылды. Ауыл тұрғыны Б.Таубаев мектеп оқушыларын тасымалдайтын автобус, Қарасай батыр көшесін жасау мəселесін көтерді. Ауыл тұрғындары Б.Мұсаханов, А.Ерғалиев жарықтандыру, балабақша, дəрігерлік амбулатория мəселесін сөз етті. Тұздыбастау ауылының тұрғыны, кəсіпкер Дəулет Сəдуақасов елімізде шағын кəсіпкерлікті дамыту мəселесі жолға қойылып жатыр, бірақ бизнес орындарына көгілдір отын тарту қымбат, осы мəселе реттелсе деген өтінішін білдіріп, сөзінің соңында аудан əкімінің есебіне жақсы деген баға берді.
Аудан əкімі тұрғындардың кө кейінде жүрген сұрақтарына толық қанды жауап берді. Кездесу соңында ауылдық округтегі отбасы жəне əйелдер ісі жөніндегі комиссия төрайымы Раушан Қабылжанова сөз алып
əкім есебіне қанағаттанарлық деген баға берді.
Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА
«Талғар-ақпарат»