Бүгін Тұздыбастау ауылындағы №13 мектепте Талғар ауданы әкімі Р.Садықова мен Тұздыбастау ауылдық округі әкімі А.Тұрлашов Тұздыбастау ауылдық округі тұрғындары алдында есеп берді, деп хабарлайды alatau-zhuldyzy.kz сайты.
Есепті жиналысқа аудандық мәслихат хатшысы Жұмахан Еңкебайұлы, «Нұр Отан» партиясы Талғар аудандық филиалы төрағасының орынбасары М.Ермағанбетова, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, бірқатар аудандық мекеме басшылары, ардагерлер, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, ауыл тұрғындары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Аудан әкімі Р.Н.Садықова ауылдық округ тұрғындары алдында жасаған баяндамасында 2017 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы, жасалған барлық жұмыстармен қоса 2018 жылға арналған Елбасы Жолдауынан туындайтын алда тұрған міндеттерге жан-жақты тоқталып, кең көлемде айтып өтті.
Толығырақ газетіміздің №4 санынан оқи аласыздар.
Талғар-ақпарат