Әкім есебі тыңдалды

Әкім есебі тыңдалды

Бүгін  «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл сайын халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес  Талғар ауданының Бесағаш ауылында Талғар ауданы әкімі Райхан Садықова мен Бесағаш ауылдық округінің әкімі М.Арынбаев Бесағаш ауылдық округі тұрғындары алдында 2017 жылғы атқарылған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы қорытынды есебі тыңдалды, деп хабарлайды alatau-zhuldyzy.kz сайты.

Аталған шара №45 мектептің жиын залында өтті.

Алқалы жиыннан өздерінің әр-түрлі сұрақтарына жауап алған ауыл халқы жыл ішінде атқарылған жұмыстарды жақсы деп бағалап аудан әкімінің қорытынды есебіне қанағаттанарлық деген баға бере отырып, алдағы істеріне сәттілік тілеп, алғыстарын білдірді. Есепті кездесулердің қорытындысы аудан әкімдігінің отырысында қаралып, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер негізінде тиісті іс-шаралар жоспары жасалып, оның орындалуы аудан әкімдігінің үнемі бақылауында болады.

 

Толығырақ газетіміздің №04 санынан оқи аласыздар.

Талғар-ақпарат