30 жыл ішінде еліміз өсіп, өркендеу кезеңін бастан кешірді. Бұл аз уақыт болғанымен де, қазір баршамыз Тәуелсіз, мықты мемлекеттің құрылғанына куәміз. Мен тәуелсіздіктің құрдасы болып, еліміз егемендік алған уақытта дүниеге келгенімді мақтан тұтамын.
Мен 1991 жылдың ақпан айында Райымбек ауданына қарасты Кеген ауылында дүниеге келдім. Алматы үздіксіз білім беру университетіндегі экономика факультетін бітірдім. Міне, бүгінде партия саласында жемісті еңбек етудемін. Мен мұны мақтан етемін. Ендігі үлкен істер біздің еншімізге тиетіндігін білемін. Соған өзіндік үлес қосу – менің ең басты мақсатым. Тәуелсіздіктің төл құрдасы болу екінің бірінің маңдайына жазылмаған болар. Қазір әр қадамыма есеп беріп, айналама ойлана қарайтын болдым. Буырқанған күш-қуатымды Отанымды көркейтуге, гүлдендіруге жұмсасам деймін. Арман-мақсаттарым көп-ақ… Халқымның бақытты болуын қалаймын. Қандай қызметте болса да, әрбір жас Тәуелсіз еліне мінсіз қызмет етуі керек.
Әсем Елиманова,
«Nur Otan» партиясы Талғар аудандық филиалының
есеп және статистика секторының меңгерушісі