Қоғамымызда жемқорлықсыз орта қалыптастыра отырып, тұлғалық қасиеттерге толы, адамгершілігі жоғары жастарды тәрбиелеуді мақсат ететін «Адалдық алаңы» жобасы жұмыс істеп келе жатқанынан хабардармыз.
Жоба аясында нәтижелі еңбек етіп келе жатқан «Іле мұрагер» қоғамдық бірлестігі жуырда Талғар аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жеке құрамымен кездесті. Бірлестік жетекшісі Қымбат Құрманжанова Мемлекет басшысының осы мақсаттағы тапсырмаларын жүзеге асыруға байланысты атқарылып жатқан жұмыстарын айтып, бұл жобаға қолдау көрсету аса маңызды екендігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңымен таныстырып, бөлім қызметкерлеріне заңның толық мәтіні басылған кітапшаны таратып берді. Бөлім басшысы, полковник Айдар Болатұлы қоғамды жегідей жеген сыбайлас-жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жобаға қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.
Меруерт Мәулет,
«Талғар»