Оң шешімін көрсетті

Оң шешімін көрсетті

Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халқымызға арнап «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты кезекті Жолдауын арнады. Жолдаумен бастан-аяқ танысып шықтым. Бұл жолғы Жолдау – Тәуелсіз Отанымыздың басты байлығы – адамдардың жағдайын, толғандырар мәселелерін қозғаумен құнды десем, артық айтпаймын. Мемлекет басшысының азық-түлік бағасының орынсыз қымбаттауы, жайылымдық жерлердің қажеттілігі туралы айтқандарының барлығы орынды.

«Биылғы қаңтар айынан бастап педогогика саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейді. Алдағы үш жылда осы мақсатқа тағы 1,2 триллион теңге жұмсаймыз. Қабылданған шаралар өз жемісін беріп жатыр. Педагогикалық мамандықты қалап, оқуға түскендердің орташа балы күрт өсті. Біз ұстаздарды қолдау саясатын жалғастыра береміз», — деді маңызды құжатында мемлекет басшысы. Мұның бәрі ұстаздар қауымын үлкен қуанышқа бөлеп отыр. Жолдауда дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету қажеттілігі де айтылды. Оларға алдағы уақытта жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар берілмек, бір реттік сыйақы төленеді. Бұл да жақсы дүние. Мемлекет басшысы балаларды ерте бастан мамандыққа бейімдеудің айрықша маңызы барын алға тартты. Өскелең ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білуі тиіс. Жолдауда тағы бір қуандыратын мәселе көтерілді. Атап айтқанда, ел Президенті «Жыл сайын мектеп бітірген 50 мың түлек оқуға ақылы негізде түседі. Олардың 85 пайызы – тұрмысы төмен отбасының балалары. Бұл жағдайды түзету қажет. Сұранысқа ие барлық мамандық бойынша техникалық және кәсіби білім жүз пайыз тегін берілуі керек. Мамандық алудың тағы бір мүмкіндігі армияда берілуге тиіс», — деп көпшілікті толғандырып жүрген мәселені оңды шешудің жолын көрсетті.

Мемлекет басшысы ұстаздар, дәрігерлерден бөлек, мәдениет қызметкерлерінің, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілер және тағы басқа сала мамандарының жалақысын 2022 жылдан бастап 2025 жылға дейін орта есеппен 20 пайызға өсіріп отыруды тапсырды.

Дария Ерболатова,
№16 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі