Белсенді бесағаштықтар

Белсенді бесағаштықтар

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында бүкіл Қазақстан қайырымдылық және әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуде. Жоба сондай-ақ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен де жүзеге асып келеді. Бұл игі дәстүр біздің ауданымызда да жалғасын табуда. Соның бірі Бесағаш ауылдық округінде өтті.

Жалпыұлттық жобаның іске асуына біркісідей атсалысып жүрген округ азаматтары қайырымдылық істерін түрлі бағытта ұйымдастырып келеді. Аймақтағы қолы жомарт кәсіпкерлер әлеуметтік жағдайы төмен жанұялардан көмектерін аяған емес. Олар округ әкімі Ернар Жүнісов пен орынбасары Майра Бекенқызының бастамасымен қамқоршысы жоқ және жағдайы төмен отбасылардың балаларына қуаныш сыйлауды парыздары санайды. Жақында сондай бір жомарттықтың озық үлгісі паш етілді. Есімдерімен емес азаматтық істерімен үлгі көрсетіп жүрген жеке кәсіпкерлер қамкөңіл балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар сыйға тартты. Жақсылыққа жүректегі жылыған жеткіншектер аға-апайларына алғыстарын білдірді. Көпшілікке берері мол жобаның аясындағы жақсылықтар алда да жалғасын таба бермек.

Меруерт Бөлек,
«Талғар»