Жуырда «Nur Otan» партиясы Талғар аудандық филиалының ғимаратында партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырысын бақылау комиссиясының төрағасы Айдар Сарипов жүргізіп, оған аудандық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бақыт Күрішбеков пен комиссия мүшелері қатысты.
Күн тәртібіне төрт мәселе қойылды. Оның біріншісі аудандық білім бөлімінің «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты партияның Сайлауалды бағдарламасы негізінде жасалған Жол картасының жүзеге асуына орай жасалған жұмыстар мен үстіміздегі жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарының есебін тыңдау болды. Бұл мәселеге орай аудандық білім бөлімінің басшысы Қарлыға Сәдуақасова есепті баяндамасын жасасап, істеген жұмыстары жайлы айтып өтті. Күн тәртібіндегі екінші мәселе құрлыс саласына қатысты болды. Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Жеңіс Искаков та Партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында жасалған Жол картасының орындалуы бойынша және 2021 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы есебін берді. Одан кейінгі кезекте аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Айдын Сұраншиев мінберге көтеріліп, дәл осы мәселелерге қатысты өз есебін баяндады. Күн тәртібіндегі төртінші мәселеге орай Панфилов бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары Сәуле Мықтыбаева да Жол картасының орындалу барысы мен «Панфилов» бастауыш партия ұйымының ішкі партиялық тәртібі бойынша атқарған жұмыстары туралы есебін беріп, партия мүшелерінің мүшелік жарнасы жайында айтып өтті. Комиссия мүшелері мінберге шығып есеп берген барлық басшылардың салаларына қатысты қойылған сауалдарына жауаптарын алды
Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша қабылданатын қаулының жобасы комиссия мүшелеріне алдын ала таратылып қойылғандықтан барлығы бірауыздан қолдап, қаулының жобасы негізге алынды. Аталмыш қаулыда есеп берген барлық бөлім басшыларына айтылған кемшіліктерді назарға алып, осы бағыттағы жұмыстарды күшейту, партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының сапалы және уақытылы орындалуы бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізіп, аудандық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясына осы қаулының орындалуы бойынша толық ақпаратты жолдауды тапсырды. Сонымен қатар осы шешімнің орындалуы бойынша ақпаратты жинақтау комиссия хатшысы, «Nur Otan» партиясы Талғар аудандық филиалының консультанты О.Батырқановқа жүктелді.
Партиялық бақылау қомиссиясы отырысын «Nur Otan» партиясы Талғар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, мәслихат депутаты Бақыт Күрішбеков қортындылап, жиынның күн тәртібінде қаралған мәселелерге орай өз ойын ортаға салып, алдағы атқарылатын істер жайлы тілге тиек етті.
Перизат Нұрқаева,
«Талғар»