Құрылыс нысандарын аралады
Ауданымызға Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Жанболат Жөргенбаев арнайы іс-сапармен келіп, өңірде атқарылып жатқан іргелі істермен танысты. Мәслихат хатшысы алдымен Талғар қаласында салынып жатқан жаңа мектептің құрылысын тексерді.
1200 орынды мектептің жұмыстарын «BI global» ЖШС өз жауапкершіліктеріне алған. Үш ауысымды мектептерді болдырмау мақсатында бой көтеріп, құрылысы қарқынды жүріп жатқан білім ошағы жыл аяғына дейін қолданысқа беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, Жанболат Әкебайұлы 1178 орынды №3 орта мектеп пен Бесағаш ауылындағы Мәдениет үйіне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын қадағалады. Екеуінің де құрылысы белгіленген график бойынша жүргізіліп жатқанына көңілі толып, өз тарапынан тиісті тапсырмалар берді
«Талғар-ақпарат»