Қызайбек Әлім Бекенайұлы
Өмірбаяны
Қызайбек Әлім Бекенайұлы — 1965 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданы, Шұбар ауылында туылған. Қазақстан Республикасының азаматы. Қазақ. Заңгер, қаржыгер. Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. «Қызайбек» жеке кәсіпкерлігінің заңды өкілі. «Қазақстан Халық партиясы» ұсынған. Алматы қаласында тұрады.
САЙЛАУАЛДЫ
БАҒДАРЛАМА
— Қаламызды гүлдендіріп, мәдениетті қалыптастыру үшін саябақтар, түрлі демалыс орындарын салуды, жарықпен қамтамасыз етуді қолға аламын;
— Өз қызметіме адал болып, әкімшілікте сыбайлас жемқорлық мен заңсыздықтардың орын алуына жол бермеуге тырысамын;
— Шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетіп, қаламызға инвестиция тартуға күш саламын.
— Қала жастарын спортқа баулып, түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысуы үшін жағдай жасауға тырысамын;
— Жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін жақсартып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созып, тұрмысын жақсартуға атсалысамын.
— Қоғамдық тәртіптің сақталуына және сыбайлас жемқорлықпен күресуде қай салада да болмасын жемқорлық әрекеттерге жол бермеу, адамдарда жемқорлық әрекеттерге төзбестік ахуал қалыптастыру, ұрлыққа қарсы құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмысты күшейтуді;
— Көп ұлтты қала аумағындағы саяси тұрақтылық пен этносаралық татулықты сақтауды ардагерлер мен қарттарға, аз қамтылған отбасыларға жағдай жасауды олардың арыз-шағымдары мен талап-тілектерін құзіретті органдармен әділ шешуді қатаң бақылауға алуды және дәрігерлік қызмет көрсету сапасын арттыруды;
— Қоғамдық кеңестің, қала ақсақалдарының ой-пікірлерімен санасып, тиянақты түрде аудан басшылығымен бірлесе шешім қабылдауын басшылыққа алатын боламын.
Кызайбек Алим Бекенаевич
АВТОБИОГРАФИЯ
Кызайбек Алим Бекенайулы — родился в 1965 году в селе Шубар Кербулакского района Алматинской области. Гражданин Республики Казахстан. Казах. Юрист, финансист. Имеет ученую степень кандидата юридических наук. Юридический представитель ИП «Кызайбек». Выдвинут от партии «НПК». Проживает в городе Алматы.