БОЗ КІЛЕМДЕГІ БЕЛДЕСУ

БОЗ КІЛЕМДЕГІ БЕЛДЕСУ

Естеріңізде болса, осыдан аз уақыт бұрын ғана газетіміздің өткен сандарының бірінде жас кәсіпкер, аудандық мәслихаттың депутаты Марат Алиманов жайлы жазған болатынбыз. Сол мақаланың ішіне кәсіпкердің аладғы жоспарларына да толталып өткен едік. Кәсіпкер өз сөзінде грек-крим күресінен КСРО, ҚР спорт шебері болған Есенжол Алимановтай атасын еске алуға арналған республикалық турнир өткізуді жоспарлап жүргенін айтқан еді. Енді міне, айтқан сөзі ақиқатқа айналып, боз кілемнің үстіндегі белдесудің куәсі болдық. Жарысты толықтай қаржыландырып, ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасында жас депутаттың өзі жүрді.

Есенжол Алиманов Ақтөбе облысының тумасы. Білімі жоғары, Алматы зоветеренарлық институтының түлегі. Еркін күрестен КССРО спорт шебері. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы. «Еркін күрестің атасы» саналатын Қабден Байдосов сынды мықты бапкердің тәлімін алған. Қызметтік жолына келер болсақ 1967-80 жылдар аралығында өзі туған өңірде бас зоотехник, совхоз директорының орынбасары сынды қызметтерді атқарған. 1980- 1982 жылдары аралығында Алматы қаласындағы Республикалық нормативтік еңбек станцясының бас маманы, 1983-1986 жылдары Қазақ КСР ауыл шаруашылық Министрлігі партия комитетінің хатшысы, 1984-1989 жылдары Еркін күрес федерациясының төрағасы, 1986-1991 Қазақ КСР-ның Ауылшаруашылық министрлігінде партия комитетінің хатшысы болып қызмет атқарған. 1991-1993 жылдары «Қазагровнешторг» РГСП бөлімінің бастығы, 1993-1997 СУАР ҚХР ауыл шаруашылық министрінің өкілі, бас менеджері, 1997-1998 жылдар аралғында «Қазагрополис» РГССП Заң қызметі және кадрлар бөлімінің бастығы, 1998-2000 жылдары «Қазагровнешторг» РГСП директорының орынбасары, 2000-2002 жылдары Алматы қаласы «ЖАСКО» сақтандыру компаниясының ЗАО президентінің орынбасары лауазымдарын атқарған.
Талғар қаласындағы аудандық «Алмалы» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өткен бұл жарыс үш күнге созылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған турнирге ұзын саны жиырма үш топтық құрам өнер көрсетті. Оның сегізі облыс, төртеуі қала, он екісі өз аудандарының намысын қорғауға келген командалар. Облыстық спорт басқармасының қолдауымен өткен жарыста 2002-2004 жылғы палуандар 10 салмақ дәрежесі бойынша өзара жүлделі орындарды сарапқа салды. Осылайша бабы келіскен 187 палуанның белдесуі ел алдына ұсынылды. Аталған жарысқа ауданымыздан төрт спортшы қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатына Алматы облыстық спорт баскармасының басшысы, Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев арнайы келіп, қатысушыларға сәттілік тілеп, жарысты ашып берді. Бұдан бөлек ауданымызға келген қонарқтар қатарында Азия ойындарының жеңімпазы Асет Иманбаев, Рио олимпиадасының қатысушысы Асхат Ділмұхамедов, еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері Дәурен Жұмағазиев, Азияның жүлдегеры Дамир Күзембаев сынды танымал спортшылар да төбе көрсетті. Сонымен үш күнге созылған жарыс нәтежиесі бойынша 55 келі салмақта 1-орын Талдықорған спорт мектебінен келген Ербол Қамалиевке бұйырды. Айта кететін жайт, Ербол облыс орталығында шеберлігін шыңдап жүрген Талғар ауданының тумасы, жерлесіміз. Келесі 60 келі салмақта Жамбыл облысы атынан шыққан Әмір Дінмұхаммет, 63 келі салмақта Алматылық Дінмұхаммет Омаров, 67 келі салмақта Шығыс қазақстандық Ұлан Тұрысбек, 72 кг салмақта талдықорғандық Мерей Мәулітқанов, 77 келі салмақта Шығыс қазақстандық Ермахан Көшкінбаев, 82 келі салмақта қызылордалық Темірбек Ұлықбек, 87 келі салмақта нұр-сұлтандық Мақсат Сайлау, 97 келі салмақта талдықорғандық Тұрар Жамангұзов, 130 келі ауыр салмақта алматылық Ақарыс Бердашов секілді білекті жігіттер шашасына шаң жұртырмай, алтын олжаланды.

Дархан МАҚСАТҰЛЫ,
«Талғар»