1-қазан — Халықаралық қарттар күні 1990 жылдың 14 желтоқсанынан бері бізің елімізде дәстүрлі түрде аталып келеді «Ауылыңда қария болса, жазылып қалған хатпен тең» деп халық даналығындай артына баға жетпес рухани қазына қалдырып отыратын ел қариялары қашанда қымбат қазыналарымыз.
Өткен аптада Қарттар күніне орай Талғар аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының меңгерушісі Әсем Елиманова облыстық мәслихат депутаты Сұлтан Нұрдаулетов, Талғар ауданы маслихатының депутаты Марат Алиманов бастаған халық қалаулылары Ұлы Отан соғысының гвардия полковнигі, 96 жастағы қария Жұмабек Сапаров ақсақал мен еңбек ардагері , бірінші топ мүгедегі Ташбек Екебаевтың үйіне барып құрмет көрсетті. «Көңіл- көңілдерден су ішеді» демекші, екі қария да аудан азаматтарының сый-сияпаттары мен жылы көңілден айтылған ыстық ықыластарына риза болып,бір марқайып қалды. Ұлы Отан соғысының ардагері, гвардия полковнигі, ғұмыр бойы Талғар ауданында еңбек еткен соғыс батырлары басынан өткерген қиын кездерін естелік етіп айтып, келген қонақтарға ақ батасын берді.
Тұрсынбек Жалғасбаев,
«Талғар»