Мәдениетті бағалау – болашаққа нық қадам

Мәдениетті бағалау – болашаққа нық қадам

Аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері әр аптаның басында жиын өткізіп, әр отырыста түрлі мәселелерді талқылайды. Ал бұл жолғы бас қосулары Президент Жолдауына бағытталды. Маңызды құжатпен бастан-аяқ танысып шыққан өнер өкілдері онда айтылған бес бағыттың өзектілерін ортаға салып, ой-пікірлерімен бөлісті. Еліміздің одан әрі даму бағыттарын нақты баяндаған Президент Жолдауының негізгі ережелерін қолдайтындықтарын білдірді.

Кеңесбек Баймұханов, аудандық Мәдениет үйінің директоры:
—   Мемлекет басшысы мәдениет пен өнер қызметкерлерінің білім сапасы мен мемлекеттік қолдау мәселелеріне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, Қ.Кемелұлы 2022-2025 жылдар аралығында мәдениет қызметкерлерінің, қорықшылардың, кітапханашылардың, көлік жүргізушілердің жалақысын 20 пайызға арттыруды тапсырды. Бұл жаңа қазақстандық мәдениетті және оның талантты өкілдерін ілгерілету бойынша Үкімет жоспарлап отырған нақты жұмыстар деп білемін.

Басқосу барысында мәдениет өкілдері ел Президентінің биылғы Жолдауы алдыңғы Жолдаудың идеяларын нақтылап, дамыта түскенін атап өтті. Бұл Жолдау — еліміздің жаңғыруы мен халық өмірін жақсартудың маңызды қадамдары айқындалған сындарлы бағдарлама ретінде қабылдау қажет деген қорытындыға тоқталды.

Меруерт Мәулет,
«Талғар»