Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.
Акцияға орай Қызыл-Қайрат «Модельді ауыл кітапханасының ұйымдастыруымен «Көпшілік қолдаған шығарма» тақырыбында биыл балаларға арналған Б.Соқпақбаевтың «Жекпе- жек», Ы.Алтынсариннің «Өнер,білім бар жұрттар», «Т.Әбдірайымның «Алабұға аулаған күн», З.Наурызбаева, Л.Калаустың «Алтын тостағанды іздеу» атты кітаптары қойылды. балалық шақтың бал күніне қиялмен барып, ұшқыр арманға жетелейтін кітаптарды бірге оқуға шақырамыз.
«Талғар-ақпарат»