Айбынымыз – Ата ЗАҢ

Айбынымыз –  Ата ЗАҢ

Талғар аудандық орталық кітапханасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Ата-Заңым айбыным» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға «Талғар аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ-і бас маманы Д.Кеңесжанқызы, аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі З.Қалымбетова, Жастар ресурстық орталығының жетекші мамандары, аудан жастары, орталық кітапхана қызметкерлері қатысты. Шараның мақсаты – ауыл жастарына Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін насихаттау, талдау, жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу.

Басқосуда сөз алғандар Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың ке­пілі ретінде біздің бір­лігімізді бекемдеп, ел­де­гі тұрақтылық пен тату­лық­тың берік тұтқасы бола білгендігін айта кетті. Сонымен қосы Ата Заңы­мыз­дың қабылдануы, мем­лекеттік рәміздеріміз Ел­таңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекі­тіл­уі, ұлттық валюта – тең­генің енгізілуі Қаза­қ­с­тан мемлекетінің қа­лыптасуының аса маңыз­ды кезеңдері болған­ды­ғын, әрбір азамат жа­сам­паз дәуірге қадам бас­қаны­мыз­ды сезіне білуіміз тиіс екендігі айтылды. Шара барысында кітапхананың ұйым­дастыруымен кітап көрмесі таныстырылып, патриоттық рухтағы қара сөздер оқылды.
«Талғар-ақпарат»