Аудандық мәслихаттың отырысы өтті

Аудандық мәслихаттың отырысы өтті

16 -шілдеде аудандық әкімдіктің кіші залында жетінші шақырылған аудандық мәслихатының кезектен тыс оныншы сессиясы болып өтті. Күн тәртібінде өзекті үш мәселе көтеріліп, түйіні тарқатылды.

Айтулы жиынға аудан әкімінің орынбасары Ермек Маңғазұлы, аудандық мәслихат депутаттары, сайланған делегаттар, партияның белсенді активтері, салық инспекторы, мекеме және мемлекеттік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиынның регламентімен таныстырған аудандық мәслихаттың хатшысы Мұхит Әлібеков күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамашыларға сөз берді.

Бірінші мәселе бойынша Талғар ауданындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы ұсыныс айтылып, кәсіпкерлер мен депутаттар өз ойларымен бөлісті.

Екінші мәселеде аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы мә­лім­деме жасалса, күн тәртібіндегі үшін­ші мәселе аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 8-сәуірдегі «Талғар ауданы бойын­ша жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережені бекіту туралы» №6-22 шешіміне өзгерістер енгізу жағдайында сөз қозғалды.

Жиынға қатысушы тараптың сұрақ­та­рына жауапты саланың мамандары жан-жақты түсіндіріп, тұщымды жауап бер­ді.
Күн тәртібінде көтерілген мәселелер толық қаралып, мәслихат депутаттарының бір ауыздан қолдаған шешімдерімен қаулылар қабылданды.

Айнаш Әлдибек,
«Талғар»