Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылдық округі әкімінің лауазымына үміткер ШАЛОВ СЕРІК ТОҚСЕЙІТҰЛЫ

Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылдық округі әкімінің лауазымына үміткер ШАЛОВ СЕРІК ТОҚСЕЙІТҰЛЫ

25 шілде -Талғар ауданының Панфилов ауылдық округі
әкімінің сайлауы

ӨМІРБАЯН
Мен, Шалов Серік Тоқсейітұлы Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келдім. Ұлтым — қазақ. Білімім жоғары, 1987 жылы Новосибирск жоғары жалпыәскерлік әскери-саяси училищесін бітірдім.
1999 жылы Москва қаласындағы Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігі Әскери Университетінде «әлеуметтану» мамандығы бойынша білім алдым. 2006 жылы Москва қаласындағы Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігі Әскери Университетінің «саясаттану» бағдарламасы бойынша үш айлық біліктілігін жетілдіру курсын аяқтадым. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясын «Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жағдайында адам ресурстарын басқару» бағдарламасы бойынша білімімді арттырдым.
1983 жылдан бастап, қарапайым курсанттан полковник шеніне дейін көтеріліп, ҚР Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы, Қорғаныс министрінің баспасөз хатшысы, ҚР Құрлық әскерлері Басқолбасшысы басқармасы бастығының және Басқолбасшының орынбасары қызметтерін және де басқа мемлекеттік қызметтерде, ал 2016-2020 жж. Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылдық округінің әкімі лауазымын атқардым. «Nur Otan» партиясының мүшесімін.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

1. Ауылдық округтің инфрақұрылымын одан ары дамытуды;
2. Аудан әкімдігі мен мәслихат арқылы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешімдер қабылдау үрдісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуді;
3. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға ықпал ету үшін мемлекеттік бағдарламаларымен жұмыс жасап, шағын және орта бизнесті одан ары дамытуға атсалысуды басшылыққа алуды;
4. Ауылдық округтегі елдімекендердің келбетін көріктендіру мен абаттандыруды одан ары жалғастыруды және тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру кішігірім архитектуралық нысандар мен қоршауларды, спорт алаңдарын жайластыру, жолдарды жөндеу, жеке үй телімдерін салу үшін жер учаскелерін бөлу және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүзеге асыру, шаруа қожалықтарын және жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды;
5. Саламатты өмір салтын насихаттауда ауылдағы жастар саясатының тиімді моделі – ауылдық округтегі елдімекендер бойынша өркендетудің құралы мәдени демалыс орындарының халыққа қызмет көрсету жұмыстарын жандандыруды;
6. Ауылдық округ жастарын патриоттық рухта тәрбиелеуге, діни көзқарастарына дұрыс бағыт-бағдар беруге, теріс ағымдар мен нашақорлыққа салынбауына және мектепте білім алу сапасына ерекше көңіл бөле отырып, заманауи технологиялармен жабдықтауға, әскери-патриоттық клуб ашуға ықпал жасауды;
7. Қоғамдық тәртіптің сақталуына және сыбайлас жемқорлықпен күресуде қай салада да болмасын жемқорлық әрекеттерге жол бермеу, адамдарда жемқорлық әрекеттерге төзбестік ахуал қалыптастыру, ұрлыққа қарсы құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмысты күшейтуді;
8. Көп ұлтты округ аумағындағы саяси тұрақтылық пен этносаралық татулықты сақтауды ардагерлер мен қарттарға, аз қамтылған отбасыларға жағдай жасауды олардың арыз-шағымдары мен талап-тілектерін құзіретті органдармен әділ шешуді қатаң бақылауға алуды және дәрігерлік қызмет көрсету сапасын арттыруды;
9. Қоғамдық кеңестің, ауыл ақсақалдарының ой-пікірлерімен санасып, тиянақты түрде аудан басшылығымен бірлесе шешім қабылдауын басшылыққа алатын боламын.
Мені ауыл əәкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда УәДЕ БЕРЕМІН:
— 2021 жылы 21 км автомобиль жолдарының жөнделуіне ықпал етемін;
— 2022 жылға қарай полиция пункінің ашылуына ықпал етемін;
— 2024 жылға қарай ауылдың су құбыры желілерін қайта жаңарту және салуына ықпал етемін;
— 2024 жылға дейін Мәдениет үйінің ашылуына ықпал етемін .
Мен ауылдың бюджеті шектеулі екенін түсінемін, сондықтан қосымша қаржыландыру көздерін іздеу арқылы:
— 2022 жылы балаларымыздың жайлы жағдайда өсуімен дамуы үшін балабақшалардың күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
— 2024 жылы барлық жастағы тұрғындарға арналған заманауи жабдықталған 2 спорт кешенін салуға күшімді саламын;
— Халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске;
— Ауылдан шыққан танымал тұлғалардың мәдени — рухани мұрасын насихаттауға үлесімді қосамын.


25 июля- выборы акима Панфиловского сельского округа
Талгарского района

Кандидат в акимы Алматинской области, Талгарского района, Панфиловского сельского округа
ШАЛОВ СЕРІК ТОҚСЕЙІТОВИЧ

БИОГРАФИЯ
Я, Шалов Серик Токсеитович, родился в с.Кайнар, Нарынкольского района, Алматинской области. Казах. Образование — высшее, окончил Новосибирское высшее военно-политическое общевойсковое училище в 1987г., Военный Университет Министерства Обороны Российской Федерации в 1999г. Академию государственного управления при Президенте РК по программе «Управления человеческими ресурсами в условиях реформирования системы государственного управления» в 2008 году. Воинское звание — полковник. Член партии «Nur Otan».
С первых дней образования Вооруженных Сил Республики Казахстан проходил воинскую службу в рядах Вооруженных Сил, прошел путь от курсанта до заместителя Главнокомандующего Сухопутными войсками Вооруженных Сил Респубики Казахстан. После службы в армии работал руководителем в различных государственных структурах, в том числе акимом Кайнарского сельского округа Райымбекского района.

ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА

Взаимодействие сельского акима и района должно быть направлено на дальнейшее развитие всего Талгарского района.
С учетом равноценности каждого из изложенных принципов будут осуществляться основные направления моей программы:
1. Содействование развитию общественного самоуправления;
2. Эффективное использование государственного имущества, финансовых ресурсов;
3. Увеличение доходности местного бюджета и контроль за его использованием;
4. Наведение порядка с кадастровым учетом земель, проведение полной инвентаризации земельных участков округа;
5. Обеспечение участия широкой сельской общественности в обсуждении принятия решений по основным проблемам, работа с обращениями и заявлениями граждан;
6. Активное взаимодействие с общественностью;
7. Планирование дальнейшего развития и благоустройства округа;
8. Наведения законного порядка в населенных пунктах округа.
9. Создание условий и поддержка для самореализации молодежных инициатив;
10. Оказание социальной помощи малоимущим, многодетным семьям, а также социальная защита людей с ограниченными возможностями.

Если вы изберете меня акимом села, на ближайшие 4 года ОБЕЩАЮ:

— Буду способствовать ремонту 21 км автомобильных дорог в 2021 году.
— Буду способствовать открытию пункта полиции к 2022 году.
— Буду способствовать реконструкции и строительству водопроводной сети села к 2024 году.
— Буду способствовать открытию Дома культуры до 2024 года.
Я понимаю, что бюджет поселка ограничен и поэтому буду искать дополнительные источники финансирования.
Приложу усилия к:
— Открыть в 2022 году новый детский сад для роста и развития наших детей в комфортных условиях.
— На строительство 2-х современных оборудованных спортивных комплексов для жителей всех возрастов в 2024 году.
Внесу вклад в:
— Повышение правовой и финансовой грамотности населения, борьбу с коррупцией.
— Продвижение культурно-духовного наследия известных уроженцев поселка.
Это основные направления и первоочередные задачи, исходя из которых я планирую свою работу в качестве сельского акима. Жизнь может внести в нее свои коррективы. Они будут учтены. При единодушной и совместной работе всех жителей округа мы добъемся того, что наши села стали еще красивее, благоустроеннее и удобней для жизни. Это нам по силам.