Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылдық округі әкіміне үміткер ЕРНАР НИЕТБАЙҰЛЫ ЖУНУСОВ

Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылдық округі әкіміне үміткер ЕРНАР НИЕТБАЙҰЛЫ ЖУНУСОВ

25 шілде -Талғар ауданының Бесағаш ауылдық округі
әкімінің сайлауы

ӨМІРБАЯНЫ
Мен, Жунусов Ернар Ниетбайұлы, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Тастөбе ауылында туып-өстім және Талғар ауданының тұрғынымын.
«Тауартану» мамандығы бойынша жоғарғы білім алып, еңбек жолымды бөлім басшысы лауазымынан бастадым. Қазіргі уақытта Бесағаш ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарудамын. 1996 жылдан бүгінгі күнге дейін Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылдық округінде тұрамын. Төрт баланың әкесімін. Талғар ауданының тұрғыны ретінде Бесағаш ауылы халқының күн сайынғы қиындықтарын бір кісідей білемін. Жолдардың нашарлығы, жарықтың дүркін-дүркін өшуі, ауыз су мәселесінің көп жылдан бері шешілмей келе жатқаны белгілі. Мен осы мәселелерді шешудің тетіктерін тауып, ауыл өмірін жақсарту үшін бар білімім мен еңбек жолымда жиған тәжірибемді, күш-жігерімді салатын боламын.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Мені ауыл əәкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:
— 2022 жылы Бесағаш ауылындағы 58 шақырымдық су құбыры желілерін қайта жаңарту және салуға ықпал етемін;
— 2022 жылы жаңа полиция тірек ғимаратын салуға күш салып, пайдалануға беруге тырысамын;
— 2024 жылға қарай Бесағаш ауылына 1000 басқа арналған бордақылау алаңын салуға ықпал етемін;
— 2025 жылға дейін Бесағаш ауылы мен саяжайлардың автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлінуіне бар күшімді саламын. Әрі жолдардың сапалы жөнделуін назарда ұстаймын;
— Ауылымызды гүлдендіріп, мәдениетті қалыптастыру үшін саябақтар, түрлі демалыс орындарын салуды қолға аламын;
— Өз қызметіме адал болып, әкімшілікте сыбайлас жемқорлық мен заңсыздықтардың орын алуына жол бермеуге тырысамын;
— Шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетіп, ауылымызға инвестиция тартуға күш саламын.

Мен ауылдың бюджеті шектеулі екенін түсінемін, сондықтан қосымша қаржыландыру көздерін іздеу арқылы:
— 2022 жылы Бесағаш ауылында Еріктілер клубын құруды қолға аламын;
— 2022 жылы Жаңа құрылыс аудандарын инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге күш саламын.
— Ауыл жастарын спортқа баулып, түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысуы үшін жағдай жасауға тырысамын;
— Ауыл тұрғындарын, әсіресе жастарды жұмыспен қамту мәселесін назарда ұстап, жұмыссыз жастардың мамандық игеруіне ықпалдасамын;
— Жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін жақсартып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созып, тұрмысын жақсартуға атсалысамын.


25 июля- выборы акима Бесагашского сельского округа
Талгарского района

Алматинская область, Талгарский район, кандидат акима Бесагашского сельского округа
ЕРНАР НИЕТБАЙЕВИЧ ЖУНУСОВ

БИОГРАФИЯ
Я, Жунусов Ернар Ниетбаевич, родился и вырос в селе Тастобе Каратальского района и являюсь жителем Талгарского района.
Получил высшее образование по специальности «Товароведение», трудовую деятельность начал с должности руководителя отдела. В настоящее время работаю заместителем акима Бесагашского сельского округа. С 1996 года по настоящее время проживаю в Талгарском районе, Туздыбастауском сельском округе. Я Отец четверых детей.
Как житель Талгарского района, знаю о каждодневных трудностях жителей села Бесагаш. Плохие дороги, периодические отключения света, проблемы с питьевой водой не решаются уже много лет.
Буду строить механизмы решения этих проблем, все свои знания и трудовой опыт вложу для улучшения сельской жизни!

ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА

Если вы изберете меня акимом села, на ближайшие 4 года ОБЕЩАЮ:

— В 2022 году окажу содействие в реконструкции и строительстве 58 км
водопроводных сетей в селе Бесагаш;
— В 2022 году постараюсь приложить усилия к строительству и вводу в
эксплуатацию нового небоскреба для полиции;
— Содействую строительству откормочной площадки на 1000 голов в
с. Бесагаш к 2024 году;
— До 2025 года приложу все усилия для выделения средств на средний
ремонт автомобильных дорог села Бесагаш и дачных участков. Буду
следить за качественным ремонтом дорог;
— Для процветания нашего села и формирования культуры я начинаю
строить парки, различные зоны отдыха;
— Буду честен со своей службой и постараюсь не допустить коррупции и
беспредела в администрации;
— Буду оказывать поддержку представителям малого и среднего
бизнеса, привлекать инвестиции в нашу деревню.

Понимаю, что бюджет деревни ограничен, поэтому путем поиска дополнительных источников финансирования:
— В 2022 году займусь созданием волонтерского клуба в селе Бесагаш;
— В 2022 году приложу усилия по обеспечению районов новой застройки инженерно-коммуникационной инфраструктурой;
— Стараюсь вовлечь сельскую молодежь в спорт и создать условия для участия в соревнованиях различного уровня;
— Обращу внимание на проблему занятости сельского населения, особенно молодежи, и содействую в освоении профессии безработной молодежью;
— Улучшу уровень жизни местного населения, помогу малообеспеченным семьям, помогу в улучшении жизни.