Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында

Осынау бейбіт күннің құсқанат хабарын елден-елге, жерден-жерге жеткізіп, алғыс арқалап жүрген журналистер қатарында аудандық «Талғар» газетінің ұжымы да бар. Алдыңғы буын ағалардың көргені мен тергенін баспасөздің өркендеуіне барынша жұмсап, бағалай білгенін – жастардың жауапкершілікті жанымен ұққаны деп сеземіз. Талай таланттың томағасын сыпырған ұстахананың отымен кіріп, күлімен шығып жүрген жас буын артылған міндетті абыроймен арқалап келеді.

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай аудан журналистерін аудан әкімі Қайдар Әбдіханов құттықтап, ізгі ниетін білдірсе, бұл қатардан аудандық мәслихат та қалыс қалған жоқ. Өз кезегінде газеттің шығармашылық ұжымын қабылдап, алғыс хаттарын тарту етіп, сый-сыяпатын көрсетті.

ТАЛҒАР-АҚПАРАТ