Салтанатты жиынға ақпарат айдынында еңбек ететін тілшілер мен сала мамандары қатысты. Өңір жетекшісі өлкеміздің тыныс – тіршілігі жайлы халыққа шұғыл әрі сапалы ақпарат таратып, халық пен биілік арасын жалғап жүрген бір топ журналистті марапаттады. Олардың арасында «Талғар» газетінің бас редакторы Перизат Нұрқаева БАҚ саласын дамытуға қосқан үлесі мен мінсіз қызметі үшін ҚР ақпарат және қоғамдық дамыту министрі Аида Балаеваның «Құрмет грамотасымен», ал газетіміздің жауапты хатшысы Меруерт Дүйсенғалиева облыс әкімі А.Батталовтың алғыс хатын иеленді.
ТАЛҒАР-АҚПАРАТ