Бірлескен істің берері мол

Бірлескен істің берері мол

Өткен аптада аудандық жұмыспен қамту орталығында алимент бойынша борышкерлерді тұрақты жұмысқа орналастыру мақсатында Талғар ауданының прокуратурасы және сот орындаушыларымен бірлесе «бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» ұйымдас­тырылған болатын. Бұл игі шара Әділет министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минис­трлігінің 06.07.2017 ж. «Алимент бойынша үш айдан астам берешегі бар адамдарды жұмысқа орналас­тыру мәселелерінде өзара іс-қимыл тәртібін бекіту туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес өткізілген еді.

Жәрмеңкеге аудандық прокуратураның қызметкерлері, сот орындаушылары мен жұмыс беруші бірнеше мекеме өкілдері жиналды. Атап айтқанда ауданымыздағы ең ірі кәсіпорындар «Nur Kagazy»ЖШС-і, «Интеллсервис» ЖШС-і, және «ASTER AUTO» ЖШС-і, «Звезда Алатау» ЖШС-і, «Евразийский банк» АҚ белсенділік танытты.
Жәрмеңке барысында жұмыс іздеуші азаматтар кәсіпорындар ұсынған бос жұмыс орындарымен танысып, қалаған мекемеге немесе кәсіпорынға жолдама алды. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жөнінде толық мағлұмат алып, мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаудың тиімділігіне көз жеткізді. Жәрмеңке барысында жұмыссыз азаматтар мекеме мамандарынан кеңес алып, жұмысқа орналасып жатты. Атап айтқанда, 10 адам «Nur Kagazy» ЖШС-не жолданса, 2 азаматқа «ASTER AUTO» ЖШС-ге жолдама берілді. Алимент бойын­ша қарызы бар азаматтарды жұмыспен қамту шаралары әлі де жалғасатын болады.

Перизат Нұрқаева,
«Талғар»