Бағы артқан бақытты отбасы!

Бағы артқан  бақытты отбасы!

«Отан отбасынан басталады» деген тәмсіл Тұрдахыновтар отбасының өмірлік философиясына айналған десем жаңылыспаспын. 1975 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданында қарапа­йым отбасында дүниеге келген әділет прапорщигі Тұрдахынов Дәнеш Ахметқалиұлы 1990 жылы мектепті тәмамдап, сол жылы Талғар қаласы кәсіби техникалық училищесінің студенті атанады.

1994 жылы әскери борышын өтеуге аттанады. 1995 жылы Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты Күзет бөліміне қызметке орналасады. Еңбек жолының алғашқы күндерінен-ақ ұлтжанды азамат өзін ұжымның арасында тек жақсы жағынан көрсете біледі. Өз қатарластарына қарағанда биік шыңдарды бағындыра білген Дәнеш 2005 жылы Павлодар қаласындағы ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі заң колледжін тамамдап, білімін тереңдетеді. Сол жылдары күзет бөлімінде өзі сияқты арман қуалап жүрген ажары ашық, көңілі жарқын, көздері шуақ шашқан күзет бөлімінің бақылаушысы Самал Ермекқызымен танысып, отау құрады. Қазіргі таңда керегесі кең, босағасы берік ақ отаудың иелері бір ұл, бір қыздың ата-анасы. Дәнеш ағамыз 2020 жылдың желтоқсан айында құрметті демалысқа шықты. Міне, жастарға қай жағынан алсаң да үлгі бола білетін нар тұлғалы азаматтың отбасына береке-байлық тілеймін. Бейнеттерінің зейнетін көруді жазсын. Ұл-қыздарыңыздың жеңісті шақтарын көріп, шаттықтың бақытты сәттеріне бөленген әдемі ғұмыр кешіңіздер.

Е.Аметов,
әділет аға лейтенанты