Келмеске кеткен соғыс атты суық сөздің қаншалықты жан жауратарын кім-кім де болса жақсы біледі. Бірінің әкесін, бірінің ағасын, бірінің шешесін зар жылатқан қаралы күннен қаралы қағаз алмаған шаңырақ ауданымызда аз емес. Жылда қатары сиреп қалатын кешегі күннің көзі тірі куәгерлерін бүгінгі ұрпақ қалай құрметтесе де жарасады. Аудан әкімі Қ. Әбдіханов бастаған ауыл ақсақалдары, тыл және Ауған соғысының ардагерлері, мекеме басшылары Жеңс саябағындағы Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, майданда қаза тапқан барша боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар аудан әкімі ауданымыздағы ардагерлердің шаңырақтарына бас сұғып, айтулы мерекемен құттықтап қайтты.