ОКРУГТЕ ӨТКЕН ОҢДЫ ІС

ОКРУГТЕ ӨТКЕН ОҢДЫ ІС

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2021 жылғы 24 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында «Киелі Табиғат» экологиялық жобасы (санитарлы-эпидемио­логиялық нормаларды сақтай отырып ағаш отыр­ғызу) бастау алған болатын. Аталған жобада«Жас Ұлан» ұйымының белсенділері, жастар ұйымдары, студент жастар, эковолонтерлер қолдап барлық өңірлерде ағаш отырғызу мен сенбіліктер өткізуі керек екендігі айтылған.

Осыған орай аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары Қызыл-Қайрат ауылындағы № 19 мектеп-гимназиясына барып қайтты. Сапар барысында әр түрлі ұлт пен ұлыстың баласы білім алып жатқан мектепке басшылыққа келген Нұрбол Өтегенұлымен танысып, мектеп ауласына 30 түп ағаш отырғызу акциясының өткенін жеткізді.

Істің басын жөн сұраудан бастаған жастар, мектеп директоры кабинетінде кідіріс жасап алдағы жобаларды таныстырып және округ ішіндегі жастар саясаты жұмысының жүйелі жүруіне ат салысуға шақырды. Өз кезегінде білім ордасының басшысы жастармен жұмыс жасауға ниетті екендігін айтты. Жарты сағатқа созылған сұхбаттан кейін мектеп ауласына шыққан мектеп ұстаздары мен орталық мамандары негізгі жұмысқа кірісті. Алдын ала дайындалып қойылған аймаққа отызға жуық әр түрлі ағаш көшеттерін отырғызып, суарып қайтты. Осылайша шара соңында сауапты іске ат салысқан барша азамттарға алғысын айтқан мектеп директорының тілегімен тарқасты.

ТАЛҒАР-АҚПАРАТ