Жұмыс тобы құрылды
Аудан әкімдігінде аудандық мәслихаттың ұйымдастыруымен аудандық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттардың отырысы өтті. Жиынға аудандық мәслихатының хатшысы, жұмыс тобының мүшелігіне ұсынылған кандидаттар, яғни мемлекеттік органдардың өкілдері мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, байқаушылар қатысты. Жиынды аудандық мәслихаттың хатшысы Мұхит Әлібеков ашып, жүргізді.
М.Бейсенбекұлы аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы хабарлама газетте жарияланғандықтан осыған байланысты аудандық мәслихат аппаратымен 2021 жылғы 05 мен 16 сәуір аралығында коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстары қабылданғанын жеткізді. Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобының мүшелігіне11 ұсыныс қабылданса, оның ішінде 8-і коммерциялық емес ұйымдардан, 3-і жеке тұлғалардан түскен. Сонымен қатар байқаушылар қатарына 2 ұсыныс қабылданған.
Қоғамдық кеңестер туралы Үлгілік Ережеге сәйкес жұмыс тобының сандық құрамын жергілікті өкілді органның басшысы айқындайды. Осыған орай, жергілікті өкілді органның басшысы — аудандық мәслихат хатшысы жұмыс тобының сандық құрамын 12 адам деп айқындап, олардың қатарындағы 4 азаматты, яғни жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігін мемлекеттік органдар өкілдері құрайтынын, қалған үштен екі бөлігі немесе 8 азамат жұмыс тобының құрамына конкурстық іріктеу арқылы өтетінін айтты.
Қоғамдық кеңестер туралы Үлгілік Ережеге сәйкес жұмыс тобының құрамындағы мемлекеттік органдардан өкілдік дербес құрам айқындалып, оған аудан әкімінің орынбасары Ермек Толқынов, аудан әкімінің аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы Жанят Шапиева, аудандық білім бөлімінің басшысы Қарлыға Садвакасова, аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы Гауһар Амантайқызы енгізілді. Дауыс беру қорытындылары бойынша, конкурстық іріктеуден өткен «Бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген тұлғаларды оңалту (бейімдеу) және еңбекпен қамтуға ықпал ету «КӨМЕК» ҚБ-нің жетекшісі Салтанат Сайранова, «Nur Otan» партиясы Талғар аудандық филиалының бақылау комиссиясының төрағасы Айдар Сарипов, аудандық ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы Имин Тохтахунов, «Нұрбастау Шапағат» Қоғамдық Қорының жетекшісі Арзыгүл Амиралиева, аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Мөлдір Абатайқызы, аудандық «Ауыл әйелдері» ҚБ-нің өкілі Замзагүл Мүшрапилова мен өзін-өзі ұсынған журналист Дархан Әук пен Арыс Асылбектер ең көп дауыс жинап қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енді. Осы сайланған азаматтар арасынан жұмыс тобының жетекшісі ретінде аудан әкімінің орынбасары Ермек Толқынов ұсынылып, бірауыздан қолдау тапса, жұмыс тобының хатшысы болып аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы Гауһар Амантайқызы сайланды.
Перизат Нұрқаева,
«Талғар».