Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді
1 мамыр — Қазақстан халықтары бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қашан да қаймағы бұзылмаған қазақ жері бүгінде көпұлтты мемлекет. Бұған әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген өзге ұлт өкілдеріне құшағын ашып, бауырына баса білген қазақтың қонақжай, кеңпейіл, бауырмалдық мінезі себеп болған. Сондықтан 1 мамыр күнгі мереке әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік сезімнің, ынтымақ пен ырыстың мерекесі болып табылады. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең басты байлығымыз. Бұл жетістікті бағалап, оны сақтау жолында Талғар жұртшылығының да еңбегі орасан зор деп білемін.
Құрметті жерлестер!
Сіздерге шын көңілмен еліміздің өркендеу жолындағы еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға амандық пен береке-бірлік тілеймін. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара сыйластығы арта берсін!
Қ.Әбдіханов,
аудан әкімі
Уважаемые талгарцы!
От всей души поздравляю всех жителей района с 1 Мая – Днем единства народа Казахстана!
1 Мая – символ согласия и дружбы народностей, проживающих на нашей общей Родине. Основу этого праздника составляет уважение к культуре и традициям всех этносов нашей многонациональной страны. В нашем районе, где большой дружной семьей живут и трудятся представители более тридцати национальностей, активное участие в его общественной и культурной жизни принимают этнокультурные объединения, главное предназначение которых — сохранение исторического наследия и дальнейшее развитие самобытности и традиций. И мы будем и далее продолжать работу по развитию культуры, искусства, традиций и языка всех этнических групп района.
Дорогие земляки!
Встречая этот замечательный праздник, мы, жители благословенной талгарской земли, с воодушевлением и особой гордостью за свою страну смотрим в будущее и верим, что мир, согласие и единство были, есть и будут неотъемлемой частью нашей жизни. Желаю вам и вашим близким крепкого здоровья, успехов и достижений на благо народа и нашей любимой Родины — Республики Казахстан!