Тәуелсіздік – халықтың үні, ұлттың тілі мен діні. Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың арманы, ал біздің қолымыз жеткен жарық күн. Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды.
Отанымыз, Қазақстан туралы айтарымыз да, мақтанарымыз да көп. Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Біз бейбіт елдің ұрпағымыз, біз еркін елдің ұландарымыз. Бірақ бізге дейінгі осынау ұлан байтақ жерді, елді аманаттап келе жатқан батырлар мен ұлы тұлғалардың төккен тері өз алдына бір төбе. Әлемнің түкпір-түкпірінде Әнұранымыз ойналып көк Туымыз көкте желбіреді. Қазақ деген Мемлекетті ел таныды. Осы жетістіктердің бәрі де кездегі дамылсыз қиын күндердің жемісі. 16 желтоқсан біреулер көздегі жаспен, біреулер жүректегі қуанышпен еске алатын мереке. Бұл күн татулықтың, мейірімділіктің, бірліктің, ынтымақтастықтың күні. Біздің – жастардың ең басты міндетіміз еліміздің болашағы,еліміз үшін қызмет ететін, жүрегіміз «Қазақ» деп соғатын патриот болу. Қазақстан Республикасының болашағы жарқын болғанын қаласақ,осы бастан жақсы білім алып, қызмет етіп, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосуымыз керек. Біздің Қазақстанда көп ұлттар қазақ халқының арқасында бейбіт өмір сүріп жатыр. Қазақстан – өз Әнұраны, Елтаңбасы, көкбайрағы мен ұстанымы бар зайырлы мемлекет. Әр Қазақстан азаматы айрықша күнді есте сақтап егемендігімізбен мақтануы тиіс деп ойлаймын. Тәуелсіздіктің туы – асқақ болғай.
Асима Рахманбекова,
№3 балабақша тәрбиешісі
1 Пікір
Назерке 23.04.2021 at 14:19
Өте керемет жазылған мақала