«Ashyq» – қауіпсіздік үшін маңызды

«Ashyq» – қауіпсіздік үшін маңызды

1 сәуірде Мемлекет басшысы Үкіметке «Ashyq» жобасын республика шеңберінде кеңейту туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовтың жобаны енгізу туралы қаулысы қабылданған-ды. 26 сәуірден бастап «Ashyq» жобасы барлық өңірлерге таралмақ.

«Ashyq» – қоғамдық орындарға келушілерді тіркеу қосымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы qr-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерде смартфон болмаған жағдайда қосымшада үй-жайға кіруді бақылайтын қызметкерлерге арналған функция бар, олар келушінің мәртебесін ЖСН немесе жеке куәлікте орналасқан штрих-кодты сканерлеу арқылы тексере алады. Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы covid-19-ды бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады. Қызыл – амбулаториялық бақылаудағы адамдарға беріліп, үйде оқшаулануы қажет екенін көрсетеді.

Сары – қозғалысты ішінара шектеу, яғни пациентке үйден оқшаулау режимін сақтайтын жерден 500 метрден аспайтын азық-түлік және шаруа­шылық дүкендерге, дәріханаларға баруға рұқсат етіледі.
Көк – ПТР міндетті болатын орындардан басқа (мысалы, әуежайда) қозғалысқа ешқандай шектеулер жоқ.
Жасыл – қозғалыста ешқандай шектеулер жоқтығын білдіреді. Бұл пайдаланушы деректер қорында COVID-19 теріс нәтижесі бар ПТР-тесті­леуден өткен адам ретінде көрсетілген.

«Ashyq» қосымшасына йога, фитнес-клубтар, спа орталықтар, сауна, бассейндер, PlayStation, компьютерлік, боулинг клубтар, кинотеатр, театрлар мен филармониялар және қоғамдық тамақтандыру нысандары енеді.

«Талғар-ақпарат»