Жергілікті әскери басқару органдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ажырамас бір бөлігі болып табылады.
Әскери комиссариаттарды құру қажеттілігі 1917 жылы сезілді, себебі жаңадан құрылған Кеңес үкіметі қол жеткізген революцияның жеңісін қолда ұстап тұру және шет елдердің әскери күштерінен қорғау негізгі мақсат болды.
1918 жылы 8 сәуірде кеңестік халық комиссариатының шешімімен қала, аудан орталықтарында тұрғылықты халқының санына қарай әскери комиссариаттар құрылды.
Сол күннен бастап 8 сәуір жергілікті әскери басқару органдары қызметкерлерінің күні болып табылады. Қарулы Күштер, өзге де әскерлер мен әскери құрамаларын толықтыру үшін шақыру жұмыстарын жүргізу және жұмылдыру дайындығына бағытталған іс-шараларын орындау үшін құрылған орган өз алдына қойылған міндеттерді адал орындап келеді.
Талғар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі өз ұясынан талай азаматтарды әскер қатарына немесе әскери оқу орындарына шығарып салып, әскери қызметке өмірін арнағандардың алғашқы баспалдағы болып келеді, сондай-ақ, осы бөлімде қызмет атқарған көптеген мамандардың шендері өсіп лауазымы жоғарылап, басшылық қызметтер атқарып, зейнет жасына жеткендері де баршылық.
Барша жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлерін айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймыз, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, жұмыстарына табыстар тілейміз.
Талғар ауданының Қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі
4 комментария
Маулен 08.04.2021 at 22:03
керемет
Асхат 08.04.2021 at 22:03
жарайсыңдар
Сакен 08.04.2021 at 22:26
Құттықтаймын
Асхат 08.04.2021 at 22:27
Тамаша кызмет!