Тектілігі тұнық «Талғар аруы» анықталды

Тектілігі тұнық «Талғар аруы» анықталды
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдас­тыруымен «Талғар аруы — 2021» байқауы бастау алған болатын. Онлайн форматта өткен байқауда 16-35 жас аралығындағы 16 қыз бақ сынады. Өзін-өзі таныс­тыру, өз өнерін көрсету және ұлттық салт-дәстүрден бейнебаян түсіріп ұсыну бағыттары бойынша сынға түскен арулардың өнерлері әлеуметтік желі арқылы бағаланды. Нәтижесінде тоғыз қыз іріктеліп, жүлделі орындарды өзара бөлісті. ІІІ орынға Алтынай Аязбаева, Шахназа Гүлмамадова, Наргиза Искакова тұрақтаса, ІІ орынды Мадина Ізтілеу, Жасмин Дюсекова, Айгүл Мұқан иеленді. Ал І орын Аяулым Ернатқызы мен Маржан Нұрмұхановаға бұйырды. Бас жүлдені өзін-өзі таныстырғанда да, «Құда түсу» салтын көрсеткенде де озық идеяларымен көзге түскен №40 мек­тептің бастауыш сынып мұғалімі Айдана Қаратас жеңіп алды. Жеңімпаздарды аудандық Мәдениет үйін­­де аталмыш бөлім басшысы Фарида Мамыр-
бекқызы­ құттықтап, ізгі тілегін білдіріп, марапаттады.
Меруерт Мәулет
«Талғар».