Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз қашан да дана халқымыз үшін еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмеген бірліктің, ынтымағы ажырамаған ырыстың символы ретінде танылып келген. Табиғат түлеп, жаңарған сәтте есіктен енетін ақ пейіл мен мол татулықтың мерекесі ретінде қазақпен біте қайнасып келе жатыр. Жыл сайын ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысын айшықтайтын бұл күн үлкен сән-салтанатымен, құт-берекесімен тойланушы еді. Әлемді жайлаған індеттің салдарынан екі жыл қатарынан наурызымыз тек әр отбасын шаттыққа бөлеп, аталып өтуде. Әрине індеттің таралмауы үшін жасалған бұл қадам ұлттық мерекеміздің айшығын, өрнегін әсте төмендетпейді. Наурыз біз үшін ең ұлық мереке болып қала береді. Сондықтан ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа жыл басын қарсы алайық. Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен қуаныш тілеймін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Қ.Әбдіханов,
аудан әкімі

 

Уважаемые талгарцы!  Сердечно поздравляю всех вас с праздником Наурыз мейрамы!

Он олицетворяет мир и добро, наполнен радостью и любовью, имеет глубокий философский смысл и общемировое культурное значение. Берущий истоки в глубокой древности, этот праздник знаменует собой цикл обновления и зарождения новой жизни. Наурыз – это также яркий символ нашего богатого духовного наследия, уникального национального кода и неразрывной связи поколений. Этот праздник привносит в нашу жизнь новую энергию созидания и развития. Сегодня Наурыз – поистине общенародное торжество, которое способствует укреплению дружбы, взаимного уважения и согласия в нашем доме – Республике Казахстан. Непреходящее значение его состоит в упрочении единства народа – нашей высшей ценности и общего достояния. Как гласит народная мудрость, «Там, где есть единство – всегда будет благополучие».
Пусть Наурыз принесет в каждый дом счастье и процветание!

К.Абдыханов,
аким района