Жаңа қоғамдық көлік

Жаңа қоғамдық көлік

Осы жылдың 11-наурызынан бастап Алматы қаласынан Талғар ауданына №224 жаңа маршрут жүре бастады. Бұл автобус А.Байтұрсынов көшесіндегі Спорт сарайынан бастап Төле би – шығыс айналма автомобиль жолы – Талғар трактісі бойынша қатынайтын болады. Содан кейін Талғарды оңтүстіктен «Бірлік Ақбұлақ» жаңа айналма жолымен айналып өтіп, «Ғұн» этноауылына, «Алатау» шаңғы-биатлон кешеніне, «Ақ бұлақ» биік таулы курортына және ипподромға барады. Қайтар жолда Бүкіләлемдік бокс академиясынан өтіп, сондай-ақ жоғарыда аталған барлық жерлерге кіреді. Автобус «Оңай» карточкасымен жүреді.

«Талғар-ақпарат»