Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті Талғар ауданының аяулы аналары,
қыз-келіншектері!

Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі. Әйел өзінің табиғатынан-ақ кішіпейілділіктің, жоғары адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы. Сондықтан ол бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.
Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын-қыстау кезде демеу болып жүргендеріңіз үшін әйел қауымына алғыс айтамын!
Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін!
Қ.Әбдіханов,
аудан әкімі

Уважаемые Женщины Талгарского района!

Сердечно поздравляю вас с 8 Марта – Международным женским днем! Этот весенний праздник занимает особое место, являясь ярким символом женственности, красоты и нежности.
Благодаря вам, прекрасной половине человечества, остаются вечными важные ценности – любовь, семья, добро и верность. Будучи истинными хранительницами домашнего очага, достойно воспитывая наших детей, вы добиваетесь заслуженных успехов в труде, общественной жизни, занимая ответственные должности и проявляя себя опытными специалистами во всех сферах жизнедеятельности. Огромный потенциал, заложенный в жительницах нашего благодатного района, помогает нам справляться с любыми трудностями и достигать поставленных задач в развитии нашего города и региона. Беречь и заботиться о наших уважаемых матерях, бабушках, сестрах, дочерях, супругах, коллегах и подругах – наша святая обязанность. Вы достойны всяческих похвал, признания и самых искренних слов благодарности.
В этот праздничный день от всей души желаю вам, вашим родным и близким крепкого здоровья, плодотворного труда и благополучия.
К.Абдыханов,
аким района