Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер» туралы Заңының 13-бабына сәйкес, Талғар аудандық Қоғамдық кеңесінің шешімі бойынша, Жұмахан Еңкебайұлы Қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайланды.
Жұмахан Еңкебайұлы ұзақ жылдар мемлекеттік қызметті абыройлы атқарып, халықтың ықыласына бөленген азамат. 2014-2016 жылдары «Nur Otan» партиясы Талғар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2016 жылғы 24 наурыздан аудандық мәслихаттың хатшысы және аудандық мәслихаттың IV, V шақырылымдарының депутаты болып сайланған. Сондай-ақ Талғар ауданының «Құрметті азаматы». «Қазақстан мәслихаттарына 20-жыл» және «Қазақстан Тәуелсіздіне 25-жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған іскер азамат.
Беделді тұлға, білікті жетекші, қаталдығы мен әділдігі үйлесім тапқан парасатты азамат ретінде танимыз. Жұмахан Еңкебайұлын жаңа лауазымымен құттықтап, өзіне артылған жауапкершілігі мол істі адал атқарады деген сенім артамыз.
Талғар — ақпарат