МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ЕЛДІГІМНІҢ БЕЛГІСІ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ЕЛДІГІМНІҢ БЕЛГІСІ
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері — Ту, Елтаңба және Гимнің сипаттамалары және ресми пайдаланылу тәртiбi, конституциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгiленген. Бұл заң 2007 жылдың 4 маусымында қабылданған болатын.
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн. Олар елдің саяси тәуелсіздігінің, егемендігінің белгісі болып табылады.
Осыған орай, Қазақстан Республика­­сы­ның рәміздерін орналастыру ережесіне өзгерістер енгізілді. Олар: жеке және заң­ды тұлғаларға, ғимараттарда (тұр­ғын үйлерде және тұрғын емес үй-жайларда), оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалануға мүмкіндік берілген.
Мемлекеттік Елтаңбаның түсіне қойы­латын талаптары қайта қаралды, атап айтқанда: Елтаңбаны жасау кезінде, өлшеміне, түсіне келтірілген кемшіліктерді ескере отырып, ауытқу шегі енгізілді.
Стандартталған бақылау (зерттеу) тәсілдері енгізілді, бұл Елтаңба жасау­шы­лардың өндірісін, стандарттарда көрсе­тілген талаптарын, параметрлерін бақылауға және де даулы сұрақтар туындағанда стандартқа сәйкестігін анықтауға мүмкіндігін ашады.
Мемлекеттік Елтаңба өндірушілердің сапалы өнім өндіру үшін, Елтаңбаны қолдануға кепілдік мерзімі 3 жыл етіп енгізілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздерін – Туды, Елтаңбаны дайындау, пайдалану, қолдану, ор­на­лас­тыру, орнатуда,Қазақстан Респу­бли­касының рәміздер туралы заңнамасын бұзғаны үшін, әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде шаралар қарастырылған. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 418 бабына сай,
1. Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Респу­бли­касының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындаған кәсіпорындарға – жиырма бес айлық есептік көрсеткіштен екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.
2. Қазақстан Республикасының мем­ле­кеттік рәміздері туралы заңнамасын бұза отырып,пайдаланған (орнатқан, орналастырған) қолданған мемлекеттік мекемелерге ескерту жасауға немесе бес және отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.
«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес, «Қазақстан Респу­бли­­ка­сының Мемлекеттік Елтаң­басы. Ұлттық стандартының барлық мәтіні бойынша «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуды «QAZAQSTAN» латын графикасында жазу бөлігінде өзгеріс енгізілген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыруды жүзеге асыру бойын­ша өтпелі кезең айқындалып, (ауыстыру мерзімі шамамен 1,5 жылдан 2 жыл­ға, яғни 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін созылды).
Барлық сұрақтар бойынша: Техни­­калық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаментіне хабарласуға болады, мекенжайы: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қаблиса Жырау көшесі, 69 А үй, байланыс телефоны: 8728 (24-20-51).

«Талғар-ақпарат»