Қашанда ел арасынан табылып, елдің қамын ойлап жүретін ел ағаларының бірі облыстық мəслихат
депутаттығына үміткер Сұлтан Нұрдаулетов «Nur Otan» партисының бақылау комиссиясының төрағасы.
Ауданымызда атқарылып жатқан ауқымды істерге партиялық бақылау жасап, жұмыс барысындағы кемшіл тұстарды назарға алып, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына баса көңіл бөледі.
Бұл жолы да Сұлтан Нұғайыпұлы қаламыздағы көпқабатты үйлердің орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылуын басты назарға алды. Өзінің сайлауалды бағдарламасының бір тармағы дəл осы халықтың əлауқатын жақсарту, инфрақұрылымды нығайту болатын. Қаһарын төгіп қыс мезгілі келгенде талғарлықтардың жылы үйде отыруын қадағалап, қаламыздағы блок-модульді пештердің жай-күйімен танысты. Өткен жылы Талғар қаласында 15 блок-модульді қазандық іске қосылып, 96 көпқабатты үй көгілдір отынмен жылынған еді. Биыл 9 блок-модульді қазандық салынып, талғарлықтар игілігін көруде. Енді екі қазандықтың да жұмыстары аяқталып қалған. Оларды осы айда іске қосу жоспарлануда. Сұлтан Нұрғайыпұлы осы қазандықтардың жұмысын бақылап, межеленген уақытта халыққа жылу берілуін қадап тапсырды. Жұмыс барысында тұрғындармен кездесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасымен бөлісіп, ел тілегін де ескере жүрді.
* * *
Облыстық мəслихат депутаттығына үміткер Сұлтан Нұрдаулетов өзінің үгіт-насихат жұмыстарын бастап кеткен еді. Өткен аптада ол ауданымызға қарасты Төңкеріс ауылында жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Жанай құрылыс – 7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбеккерлерімен кездесті. Ауылдың 4-4,5 километр жолын жөндеп жатқан компанияның жұмыс барысымен танысқан кандидат жолдардың халық үшін маңыздылығын алға тартып, оны сапалы əрі қажетті стандарттарға сай жасалуы керектігін айтты. Еңбеккерлерге өз міндеттерін адал атқарып, халықтың ықыласына бөленуден асқан абыройдың жоқтығын ескертті. Емен-жарқын əңгіме барысында өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы сайлауда халықтың сенімінен шығып депутат болып жатса осы салаға жіті көңіл бөліп, ауданымыздың жолдарын ұдайы назарда ұстайтынын айтты. Серіктестік еңбеккерлері де түрлі сұрақтарын қойып, Сұлтан Нұрғайыпұлымен еркін əңгіме өрбітті.
* * *
Апта басталысымен аудандық «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабының қабылдау бөлмесінде
ауданымыздан облыстық мəслихатқа үміткер Сұлтан Нұрдаулетов тұрғындарды түрлі сұрақтары
бойынша қабылдады. Партия штабының желілік кестесіне сай келген қабылдауға аудан тұрғындары
Күлбайраш Молдабаева, Мақпал Оңайбекова, Үміт Бақытжанұлы өтініш-тілектерін айта келген екен.
Сұлтан Нұрғайыпұлы барлық азаматтардың мəселелерімен мұқият танысып, заң аясында жауап берді.
Көтерілген мəселелердің оңтайлы шешілу жолдарын көрсетіп, түсіндірді. Тұрғындарды қабылдау партияның сайлауалды штабының негізгі бағыттарының біріне жатады. Сондықтан да күн сайын қабылдау бөлмесінде штаб мүшелерімен қатар кандидаттар да тұрғындарға кеңес беріп, түрлі сұрақтарына жауап беретін болады.
Перизат НҰРҚАЕВА,
«Талғар»