Ауылшаруашылығын дамыту — маңызды міндет

Ауылшаруашылығын дамыту — маңызды міндет
Еліміздегі маңызды саяси науқан – сай­лау өтетін күнге де санаулы ғана уақыт қалды. Соған байланысты жер-жерде түрлі форматтағы кездесу жиындары қызу өтіп жатыр. Күні кекше «Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті мәжілісі депутаттығына үміткерлер Алимбаев Данияр Кенғазыұлы мен Тельпекбаева Жанна Тлеубекқызы «Байсерке Агро» ЖШС-нің еңбеккерлерімен кездесті. Ауылшаруашылығы әлеуеті зор, стратегиялық маңызды сала. Елімізде бұл саланы өркендетудің басты бағыттары айқындалып, жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Қазіргі таңда шаруашылықта ірі қара мал – 4360 бас, жылқы – 969 бас, ұсақ мүйізді мал – 4837 бас, түйе – 220 бас бар. Бұл күнде Байсеркеде арнайы молекулярлық -генетикалық лаборатория салынып, онда Қа­зақстан-АҚШ келісімшартымен жұмыс атқарылғалы отыр. Соңғы 3-4 жыл­дың ішінде Қазақстан аймақтарында Байсеркедегідей сүтті, етті сиырлар және басқа да ірі қара дүниеге келді, яғни бұл шаруашылықтан асыл тұқымды бұқалар және қошқарлар сатылып, еліміздің барлық ауыл, аудандарына әкетіліп, асыл тұқымды малдар дамытылып жатыр. Онда 300-дей адам жұмыспен қамтылған.
Кандидаттар алдымен шаруашылықтың өндіріс бөлімінің жұмысымен танысып, ондағы заманауи технологиялармен жабдық­талған цехтарды аралап көріп, мамандармен әңгімелесті.
Ашық аспан астында өткен басқосу бары­сын­да жиналғандар ал­дында сөз алған қос үміткер партияның сай­лауалды бағдарламасында айқындалған негізгі міндеттермен таныстырды. Әлем­ді жайлаған қауіпті коронавирус індетінің зардабы,ұзақ мерзімді карантин мен шектеу шаралары біздің елімізге де оңай соқпағанын айта келе, осынау қиындықтарға қарамастан бүгінде ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, халықтың әлеуметтік жағ­дайын қолдауға бағытталған келелі істер жүзеге асырылып отырғанын тілге тиек етті. Партияның сайла­уалды бағдарламасында түрлі саладағы мәсе­ле­­лер қамтылып, шешім жолдары нақ­тыланғаны баяндалды. Экономикалық тұрақты аймақ, қолайлы аймақ, әлеуметтік бағдарланған аймақ, тарихы мен мәдениеті бай аймақ, ашық және есеп беретін жергілікті органдар, қауіпсіз аймақ деп аталған бағдарламаның жеті негізгі басым бағыты бойынша атқарылар ауқымды істермен, жүзеге асырылуға тиісті жоспарлы жұмыстар жайын егжей-тегжейлі түсіндірген үміткерлердің әр сөзін сайлаушылар мұ­қият тыңдады. Инвестиция тарту арқылы ір­гелі жобаларды жүзеге асырып, кәсіпкерліктің қа­на­тын кеңейту, тұрақты жұмыс орындарын ашу, еңбекақыны көтеру, халықтың тұрмыс-тір­шілігін жақсарту, білім, денсаулық, туризм, экология, ауылшаруашылық салаларын сапалық деңгейде дамыту да сайлауалды құжатта көрініс тапқан.
Жиын  соңында    жиналғандар  тарапынан түскен сауалдарға жауап берген кандидаттар  сайлауалды үгіт-нәсихат жадынамаларды таратты. Алдағы уақытта өтетін   маңызды саяси  науқанда  «Nur Otan» партиясына  қоладау көрсетіп, дауыс беруге шақырды.
 Осыдан кейін қос кандидат  аттың басын Талғар қаласына бұрып, онда «Есіктен-есікке» шарасы аясында кездесулер  өткізіп, жеке үгіт-нәсихат жұмысын жүргізіп қайтты.  «Ауыл әйелдері қоғамдық ұйымының» төрайымы Мәриям Сихимбаева, Талғар қаласы жергілікті  қауымдастығының төрағасы Жанат Байкенов пен аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Жұмақыз Бұтабаевалардың шаңырағында болып  «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасында қамтылған ауқымды жұмыстар жайында ой бөлісіп, ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді. Кездесу соңында 10 қаңтар күні сайлау учаскесіне келіп  «Nur Otan» партиясына  дауыс беруге шақырды.
Райхан Азимова
«Талғар»
(Материал ақылы. «Nur Otan» партиясы
есебінен келсім шарт негізінде төленеді).