Түйткілдің түйіні тарқай ма?

Түйткілдің түйіні тарқай ма?

Биыл қазақ елі үшін сынаққа толы ауыр жыл болды. Дүниежүзін жайлаған індет бізге де жетіп, ел экономикасына, әлеуметтік жағдайына, басты құндылығымыз саналатын денсаулық пен өмірімізге де қатер төндіріп, үлкен залал келтірді. Көптеген қиындықтармен бетпе-бет келген қазақстандықтар ықылым заманнан қанмен қалыптасқан сабырлық пен төзімділікті ту етіп, қандай қатер болса жауапкершілік таныта білді.

Осындай сын-қатерлерге қарамастан «Nur Otan» партиясы ел экономикасын дамыту жолында көптеген жоспарлы жұмыстарды жүзеге асырып, жүйелі түрде қалпына келтіруді мақсат тұтты.
Ең алдымен шалғай аудандағы елді мекен­дердің жағдайын ойлай отырып, партия облыс­ты дамытудың жеті басым бағытын өзінің сайла­уалды бағдарламасында айқын көрсетіп берді. Атап айтар болсақ: экономикалық тұрақты аймақ, қолайлы аймақ, әлеуметтік-бағдарланған аймақ, жастарға арналған аймақ, тарихы мен мәдениеті бай аймақ, ашық және есеп беретін жергілікті органдар және қауіпсіз аймақ. Ондағы басты мақсат – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақ­сарту үшін жағдай жасау. Оның ішінде әлеу­меттік бағдарланған аймаққа тоқталатын болсақ, азаматтардың әл-ауқаты – бұл өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші. Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізу арқылы облыс тұрғындарының өмір сүру жағдайларының артуына күш салып, сол бағытта жұмыс істейміз делінген.
Осыған орай 25 желтоқсанда аудан және облыстық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар Сембаев Амангелді Тілеу­бер­діұлы, Омарбаев Мақсұт Қасымбекұлы, Сүлейменов Асқар Фазылұлы, Әукенов Бауыр­жан Әукенұлы ауған соғысы ардагерлерімен бірге кезекті үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, кездесу өткізді. Шара барысында ардагерлер және тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер қызу талқыланып, алдағы күннің жұмыс жоспарына бекітілді. Дөңгелек үстел форматында өткен жиында көп тақырып қозғалды. Халықтың арыз-талаптарына сүйенер болсақ, аудан және қаламыздағы су, жол, жарық басты мәселелердің бірі болды. Сонымен қатар қала тұрғыны, қоғам белсендісі Клара Хасанова да көңіл көншітпейтін көптеген мәселелерді көтеріп, өз ойымен бөлісті.
Партия кандидаттары тәжірибелеріне сүйене отырып, әр мәселеде өз ойларын ашық жеткізіп, түйткілді мәселелердің түйінін ше­шуде аянып қалмайтындарын жеткізді.
Айтулы кездесудің соңы Талғар қаласын­дағы «Дарын» зияткерлік мектебіндегі кез­десу­мен жалғасты. Кездесуде аудан және облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сембаев Амангелді Тілеубердіұлы, Жұмақан Еңкебайұлы, Қабасов Бахтияр Мырзаханұлы бой көрсетіп, зияткерлік мектептің ұстаздарын партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Партиялықтардың айтуынша, азаматтарды толғандырып жүрген көптеген мәселелер «Nur Otan» партиясының сайлауал­ды уәделерінде көрініс тапқан.
Сонымен қатар айтулы мектептің ұстаз­дарымен кездесуде мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениетті ары қарай дамыту жайы әңгіме арқауына айналды. Осынау қиын-қыстау кезде оқушылардың қашықтан білім алып, қатарынан қалмай мектеп бағдарламасына ілесіп келе жатқандығы ұстаздардың еңбегінің нәтиежесі екенін ескеріп, келешекте ұстаздар қауымының еңбектері елеусіз қалмайтынын жеткізді. Елбасының бастамасымен қоғамның жіті талқылауынан өткен «Педагог мәртебесі туралы» заң Парламент қарауына түсіп, білім саласының мамандарын ғана емес, күллі халықты жақсылықтан үміттендіріп отыр. Өйткені заңның аты – Заң. Ол ұстаздар қауымына әрі қорған, әрі ынталандыру болмақ. Бүгінде қоғамның барлық мүшесіне айқын бағдар беретін мұраты биік мұғалімнің қадір-қасиетін арттыруда өзекті мәселе жетерлік.
Қоғамда әр сала, әр адамның ойып алар орны ерекше. Қай-қайсысы болмасын өзіндік міндеті мен ұстанымы бар дара тұлғалар десек қателеспеген боламыз. Осыған орай, ешкімді бөліп жармай барлығына дерлік қамқорлық танытып, қолдау көрсетуде «Nur Otan» партиясы шет қалмақ емес. Осындай қағидаларды ескере отырып, кандидаттар кез­десу барысында сайлаушыларды ауызбір­шілікке шақырып, алдағы саяси додада партия үшін дауыс беруге шақырды.
Айнаш Әлдибек,
«Талғар»
(Материал ақылы,
«Nur Otan» партиясы есебінен
келісім-шарт негізінде төленеді)